A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Целиноград ауданы, Малотимофеевка ауылы, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ

Мекеменiң мекен-жайы: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Малотимофеевка ауылы

Мекеменiң телефон: 8 (716-52) 52-149

Мекеменiң негiзделген күнi: 1968 жылы iске асырылды

Мекеменiң директоры: Джекебаев Сакен Айкенович

Жоспарлы төсек-орын: тұрақты тұруға 150 орын

Мекеменiң негiзгi мiндеттерi:

 — қызмет алушылардың тұруына қолайлы жағдай туғызу;

 — мемлекеттiк әлеуметтiк Стандартқа сәйкес арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету;

- оңталандыру iс-шараларын өткiзу.

Қарттар мен мүгедектерге арналған Малотимофеевка медициналық- әлеуметтiк мекеме Астана қаласына жақын 25 км жерде орналасқан.

Орналасқан жерi жасыл, орманды, көк майсалы алқапта және ауасы таза жерде орын тепкен. Орманды алқап, әр түрлi өсiмдiк әлемiмен, өзiндiк микроклиматымен, адам ағзасына әсерi өте жақсы әсер етедi. Бiздiң МӘМ-нiң тарихы сонау 30 жылдардан басталады, ол кездерi қарттар мен мүгедектер үйi, бiр-бiрiнен алшақ орналасқан, бiрнеше тоқал тамдардан тұратын.

1968 жылы 250 адамға арналған типтiк 2 этажды ғимарат салынды. Алғашқыда жалпы үлгiдегi қарттар мен мүгедектерге арналып ашылса, 90 жылдарының соңында, қарттар мен мүгедектерге арналған психоневрологиялық мекеме болып өзгертiлдi, содан кейiн атауы тағы өзгертiлiп, дәл қазiр қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық- әлеуметтiк сала болып саналады.

МӘМ-гi тұратын қарттар мен мүгедектер жүйелi түрде басқа адамның қарауына және медициналық жағына мұқтаж жандар. Сонымен қатар аурудың өте ауыр түрiнде өткерген адамдарға да көмек көрсетiледi. МӘМ аумағы дем алуға арналған жолдар, дем алатын орындықтармен орналастырылған. Бөлмелерге ыңғайлыда, әдемi жиһаздар, бөлме гүлдерi, қабырғаларға суреттер iлiнiп, , кiтаптар қойылып, үй жағжайына келтiрiп бейiмделген. Қызмет алушылар мiнез құлықтарына және денсаулықтары мен жастарына байланысты төрт орынды бөлмелерге орналастырылған.

МӘМ-нiң негiзгi мiндеттерi- ол:

· Жеке- жеке қадағалау;

· Жақсы қөз қарас және шыдамдылық;

· Жайлылық пен ыңғайлы жағдай қалыптастыру;

· Қызметтi сапалы ұсыну;

· Диеталық және толық тамақтануды қамтамасыз ету;

· Медициналық бақылауды, ем жүргiзудi және бейiмдеудi ұйымдастыру;

· МӘМ-гi жайлылық пен инфрақұрлыстың қауiпсiздiгiн құру;

· Әр түрлi қызықты күнделiктi қызметтi ұйымдастыру.

Денсаулықтарын емдеу кезiнде, бейiмдеу барысында қазiргi заманға сай нұсқаулықтар қолданылады: емдiк гимнастика, классикалық және сегментарлық уқалау, гимнастика, ЛФК. Одан басқа қолқа- тамыр жүйесiнiң және бұлшық ет тамырларының жағдайының дұрыс қызмет етуi үшiн де арнайы тыныс алу гимнастикасы да орындалады. Сонымен қатар мiндеттi түрде: күнделiктi дәрiгерлердiң қарауы, дене қызуы мен қан қысымының, тыныс алудың жүйелiгiне бақылау жүргiзiледi. Сонымен бiрге МӘМ қызмет алушы қарттар мен мүгедектерге тұру үшiн жайлы жағдай жасалған, медициналық жағдайдан басқа да, тұрмыстық- әлеуметтiк қөмек көрсетiледi, ол дегенiмiз жайлы да, ыңғайлы бөлмеде кешкi мезгiлде жаныңдағы көршiңмен әңгiмелесуге не жетедi. Қарт адамдар өз бөлмелерiн жуып, жинаудан және өздерiне тамақ дайындау деген мiндеттдi атқармайды, мүгедектер мен қарттардың бөлмелерiне күнделiктi тазалау жұмыстары мен киiм- кешектерiн ауыстыру, денелерiне гигиеналық тазалық жүргiзу, киiндiру, жұмыстарының барлығы көрсетiледi. Бiзге сонымен қатар жақын тустары жоқ, немесе олармен байланыстары жоқ қарттар, бас бостандығынан айырылу салдарынан, бұрынғы баспанасы жоқ, психикалық қиындыққа ұшыраған, жайсыз отбасыдан шыққан адамдар келiп түседi. Сонымен бiрге Альцгеймера, Паркинсон, миының қан айналымы бұзылған, жамбас сүйегi сынып ота жасалған және де басқа травма алған қарттар мен мүгедектер түседi. Бiздiң мекемеде көңiл күйдi көтеретiн және дем алу үшiн барлық жағдай жасалған. Бiздегi барлық жағдай қарттар мен мүгедектерге арнап жасалған, қызметкерлер де өз iстерiне адал және қызмет алушыларға жоғары деңгейде қызмет жасайды. Тамақтандыру жүйесi: мүмкiндiгiнше қызмет алушылардың талабы бойынша да және диетолог- дәрiгердiң нұсқауы бойынша да берiледi. Диеталық нұсқау бойынша да тамақтандырылады. Қимыл- қозғалыстары шектеулi қызмет алушыларды таза ауа жұтқызуға және қыдыртуға медбикенiң немесе колясканың көмегiмен жүргiзiледi. Қызмет алушы қарттар мен мұгедек жандарға медициналық және тұрмыстық көмек көрсетумен қатар күнделiктi өтетiн iс-шаралар да ұйымдастырылады. Күнделiктi таза ауада бой жазады, концерттiк шара жиi болып тұрады, шығармашылық үйiрмелерге, қызмет алушылардың туған күндерi тойланады. Жас айырмашылығы көңiл күйдi көтеруге кедергi келтiрмейдi ғой! МӘМ-де бос уақыттары әр түрлi өткiзу ұсынылады.

Бiздiң iс-шаралар:

Қыдыруға денсаулықтары жарамды қызмет алшылар (медбикелердiң рұқсаты бойынша) серуендеуге барады:

· Астана қаласы бойынша;

· Қайықпен серуендеуге;

· Астана қаласындағы мұражайға;

· Аң-құстар қорықтарына (табиғаттағы бұғылар);

· Хан-Шатырды көрiп қайтуға;

· Тарихи мұражайлар мен сәулеттiк ескерткiштердi аралауға;

· Қызықты кездесулерге;

· Үстел үстiлiк ойындарды;

· Теледидар көруге;

Сонымен қатар өзiңнiң бос уақытыңды қызықты өткiзгiң келсе бiздiң мекемеде актовый зал бар, ол жерде күнделiктi қызықты концерттер, кездесулер, жарыстар, сайыстар, тақырыптық кештер, көркем өнерпаздар үйiрмесi, т.б. шаралардың барлығы осы жерде өтедi. Егер кiм де кiм өз өнерiн ұштағысы келсе бiрнеше қызығушылар клубы жұмыс iстейдi олар: «Флора» атты гүл баптау клубы, «Встреча» атты ән сүйер клубы. Жыл сайын өтьетiн облыстық спартакиадаға да бiздiң қызмет алушылар қатысады. МӘМ-нiң аумағында барлық қажеттiлiкпен жабдықталған спорттық алаң бар. Бiздiң қызмет алушылар барлық шараларға қызығушылықпен ат салысып, ширақ бола бiледi, ал олардың осы бағыттарға ат салысуына мекемедегi КТК мүшелерi өз үлестерiн қосады.

Қарттық- өмiрдегi болатын биологиялық өзгерiс, оны бәрi бiледi. Алайда ол жағдай көзге жас алдырмайды, оның өз себептерi бар, яғни, өмiрдегi қиындықтарға төзе алмау, өмiрге деген ұмтылыстың болмауы, жалғыздық. Мiне, осы кезде психологиялық көмек кажет, ол үшiн бiздiң мекемеде бiлгiр психолог маман бар. Ол жаңадан келген қызмет алушыны бейiмдеу үшiн әр түрлi деңгейде тренингтер өткiзедi. Сол үшiн де психолог кабинетi барлық жабдықпен жабдықталған.

Еңбек терапиясына тарту мақсатында, қызмет алушылардың жас ерекшелiктерi ескерiледi. Сонымен қатар ұмытылған қаблеттерiн қайта қалыптастыру мақсатында бiздiң мекемеде үш жылыжай тұрғызылды. Ол жерде қызмет алушылар қиярға, қызанаққа күтiм жасайды, сонымен бiрге құлпынай өсiредi. Сонымен қатар өздерiне ұнайтын iспен шұғылдану үшiн әйелдерге арналған тiгiн шеберханасы, ерлерге арналған шеберхана жұмыс iстейдi.

Дата создания статьи: 04.01.2018 14:47
Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.01.2018 14:47
Қаралым саны: 670

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: social@akmo.kz