A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ

Мекеменің мекен-жайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы,

Мекеменің телефон: 8(71636) 4-14-50

Мекеменің негізделген күні:  1993 жылы іске асырылды

Мекеменің директоры: Ташкеева Шолпан Садбековна

Жоспарлы төсек-орын: тұрақты тұруға 103 орын

Мекеменің негізгі міндеттері:

 -  қызмет алушылардың тұруына қолайлы жағдай туғызу;

 -  мемлекеттік әлеуметтік Стандартқа сәйкес арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету;

-  оңталандыру іс-шараларын өткізу.  

«Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, қарттар мен мүгедектерге арналған  медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ

Үйдің құрылу тарихы – өткен ғасырдың 90-шы жылдарында. 1993 жылы үй-интернат құру туралы  Щучинск қаласының әкімшілігі басшысы Г.А.Федоровке үндеу тасталды.

1993 жылдың 26 сәуірінде Көкшетау облыстық әкімшілік басшысы К.Искалиевамен Қарттар үйнің құрылуы туралы құжаттарға қол қойылды.

Ол Олимпиадалық резервтегі спорт мектебінің орнына Навасарда Александрович Амбарцумянның басшылығымен құрылды. Басты мақсат – отбасысыз қалған зейнеткерлерге көмек көрсету.

Өмір сүру үшін, бір корпуста қарт адамдарды жинап, тұру үшін барлық жағдайлар жасалды. Интернаттың алғашқы тұрғындары 18 адам. Олардың екеуі бүгінгі күнге дейін тұрап жатыр: Александр Федорович Курячев және Галина Сергеевна Лопатенко.

Бүгінгі күні МӘМ-де 103 қызмет алушы тұруға арналған.

Арнайы әлеуметтік қызметтер.

Әлеуметтік – тұрмыстық қызмет.

Қызмет алушылар денсаулығына байланысты бөлмелерге орналастырылған, физикалық және психологиялық жағдай, бейімділік, психологиялық қажеттілік, оларға натуралды нормаларға сәйкес тамақтану ұсынылды.

Бөлмеде 2-3 адамнан тұрады. Қызмет алушылар қолдану үшін жиһаздар мен төсек-орын заттары берілген.  

Холл жұмсақ жиһазбен, теледидар, DVD-плеермен, демалып қарау үшін жабдықталған. Қызмет алушылар қазақстандық, ресейлік каналдар мен бағдарламаларды және Отау –ТВ көре алады.

Қызымет алушылардың ынталары бойынша бөлмелер тоңазытқышпен теледидармен жабдықталған.

6 қызмет алушы телефон нүктесін қолданады.

Шартараз қызметі (шаш алу, бояу, жинау, тырнақ алу, маникюр) шаштаразбен әдейі құралған бөлмеде көрсетіледі, үлкен монша-жуу комплексі бар, жуу, кептіру, үтіктеу, киімдерді дезинфекциялау, қызмет алушылардың киімін және төсек-орын жабдықтарын жасау үшін орнатылған.

Кір-жуу бөлмесінде АҚ «РД КазМунайГаз» 9 млн.теңгеден артық сыйға берілген  арнайы құралғысы орнатылған.

Барлық тұрғындар кестеге сәйкес, моншаға жұмасына бір рет барада.

МӘМ-де қызмет алушылардың жеке киімдерімен нәрселерін сақтайтын қойма орналасқан.

Жұмасына бір рет қызмет алушылардың сауда үйлерге баруы және керек-жарақтарын алуға машина беріледі.

Әлеуметтік – медициналық қызмет.

2 дәрігермен көрсетіледі – дәрігер (терапевт, невропатолог), 7-медбикемен (аға медбике, физио-медбикесі, емдәм икесі және 4 кезекші медбике).

Емдеу жұмыстары жұмыс жоспары бойынша жүргізіледі. Керекті құжатнамалар жүргізіледі.

Кіші медициналық қызмет көрсетілушілер 21 санатар (8-бөлмелік, 2 – күту бойынша, 8-жинаушы және 2-жуушы).

Біздің жұмысымыздың мақсаты – әлеуметтік-медициналық қызмет көрсету мен алғашқы көмек.

Кезекші пост, тәуләк бойы жұмыс істейді, арнайы медициналық жабдықтар, дәрігердің бағыттамасын орындайды, ЭГК түсіру техникасын үйреніп, талдама жинауда.

Дәрігерлер мен медбикелерде керекті сертификаттар мен УСО куәліктері бар.

Қажет кезде МӘМ-ге мамандар шақырылады: травматолог, гинеколог, эндокринолог, хирург.

МӘМ-де 30 мүгедек тұрады: 1 тап – 14 адам, 2 топ – 13 адам, 3 топ – 3 адам.

Сенсор бөлмесінде қызмет алушылармен топтық сабақтар жүргізіледі. 2015 жылы қызмет алушыларға оттегі коктейлін жасау үшін оттегі концентраторы алынды.

Қажетті аппараттары бар физио-бөлмесі жұмыс істейді, электроемдеу, магнито-терапия, ингаляция, күн көзімен емдеу.

Дәрі-дәрмектер портал бекітілген формуляр бойынша алынады, дәрі-дәрмектер дәріхана қоймасына әкелініп, дәрі-дәрмектер ережеге сәйкес сақталады.

Үлкен назар санатарлардың жұмысына, туберкулез профилактикасы, табак тарту, онкология және жүрек ауруларына қарайды.

Медициналық қызметкерлер айына 2 рет МӘМ қызметкерлері үшін салауатты өмір салты туралы оқулық семинарларын жүргізеді.

Кестеге сәйкес қызмет алушылар флюро қадағалау өтеді.

Қызмет алушылармен «Д» тізімінде тұрғандармен жұмыстар жүргізіледі: терапевтте – 17 адам, невропатологта – 12 адам, эндокринологта – 7 адам, травматологта – 3 адам.

Тамақтану 4 түрлі, жеті күндік мәзір. Көкеністер, жемістер – әрқашан, мезгіл сайын.

Соматикалық жағдайы бойынша қызмет алушылар емдеумен тамақтанады: Диета № 9 – 7 адам., № 5 – 1 адам., 88 адам ортал үстел, қосымша тамақтану 20 адам, мәзір әртүрлі, мереке күндері мерекелік мәзір.

Қызмет алушылардың орташа жасы – 75 жас.

Әлеуметтік - психологиялық қызмет.

Жаңа түскен қызмет алушылармен психологиялық диагностика және жеке тексеру жүргізіледі, отырыс түрінде психологиялық көмек көрсетіледі, тыңдау және сөйлесу, тренингтер мен тесттер.

Әрқашан «Қарт кезде өмір белсенділігі», «Жан-жал кезінде өзін-өзі ұстау», «Стресс кезін көмек» тақырыптарына кеңестер жүргізіледі.

Жабдықталған қызмет алушылардың демалуы үшін сенсор бөлмесі жұмыс істейді.

Әлеуметтік – тұрмыстық қызмет.

Қызмет алушылар аймақты жинау кезінде, қармен қоқыстан, аумақтың көгеруімен жасаруы үшін, суарады, жер қопарады, бақшаға қарайды, гүлдер отырғызуда көмек көрсетеді.

Күн сайын кір-жуу бөлмесінде киімдерді жөндеу, азғантай жеке киімдерін жөндеуге, интарнатқа керек нәрселерді тігуге қатысады.  

Жасанды заттар жасауға қатысады. Клубта қызмет алушыларға жаңа экспонаттармен көрме ұйымдастырылды.

Асхана қызметкерлеріне корпусқа тамақ апаруда көмек көрсетіледі.

Қызмет алушылар 1-2 топтың мүгедектері тұрмыстық стендтерде және қолдарды жаттықтыру үшін жұмыс жасайды.

Әлеуметтік – мәдени қызмет.

Қаңтар айында мерекелік күндердің басында холлдарда көркем фильмдер көрсетіледі, «Жаңа жыл» тақырыбына суреттер байқауы өтеді, шахмат-шашки жарыстары, 7 қаңтарда «Рождество Христово» мерекесіне арналған   шаралар дін қызметшісінің шақырылуымен өтеді.

Дәстүр бойынша В.В.Высоцкийдің шығармашылығына арналған, халықаралық әйелдер күніне арналған, Наурыз мейрамына арналған, Щучинск қ. мерекелік шараларға баруға, туған күн иелері мерекесі, күлкі күндеріне шаралар өтеді.

ҚР мемлекеттік және халықаралық мерекеге арналған шаралар: Қазақстан халықтарының бірлігі күні, Отан қорғайшылар күні, Жеңіс күні, ҚР рәміздері күні, Астана күні, Конституция күні, Қазақстан халықтарының тілдері күні, Қарт адамдар күні, 1-ші Президент күні, Тәуелсіздік күндеріне «Нұр Отан» өкілі, депутаттар, аудандық ардагерлер құрамы шақырылады, «Нұр Отан» партиясына қосылу жүргізіледі, «Нұр Отан» партиясының құрамына МӘМ-нен 14 адам қатысады.

Музыкалық басқарушы  қызмет алушылармен ән айтумен айналысады. Олар құрметпен ескі әндерді еске алып, жаңа әндер жаттайды. Вакалды топ «Надежда» барлық шараларға белсенді қатысады.

МӘМ-де 5000 астам кітаптары бар кітапхана жұмыс істейді, шығарылымдар басылады. Қызмет алушылар оқу залына барады. Жұма сайынғы мәліметтер, кітаптар көрмесі, кеңестер өтеді.

Идеалогиялық жұмыс.

Қызмет алушылар әрбір сайлауға үлес қосады (26 қызмет алушы № 6 ОМ сайлау учаскесінде жеке дауыс берді өзгелері МӘМ-гі арнайы жәшікке салды).

МӘМ-де кәсіпшілер одағы жұмыс істейді, әр мақсатты жұмыстар жүргізілуде: туған күнмен құттықтау, материалды көмек көрсету, табиғатқа шығу, кино мен қауызға бару.

«Нұр Отан» партиясы ұйымын медбике Н.А.Клименко басқарады, «НұрОтан» партиясының 14 құрамы бар олар қызметкерлер мен қызмет алушылар арасында белсенді жұмыс жүргізеді.

Ай сайын «Ашық есіктер күні» туыстар мен пресса үшін жүргізілетін болады.

Мәліметтер стендтары мен баннерлер дайындалды: «Бұл Менің Елбасым», «ҚР Президентінің халыққа жолдауы», «Тыл еңбеккерлері», «Менің жылдарым – менің байлығым», «Ешкімде, ештеңе де ұмыт емес», «Арнайы әлеуметтік қызметтер», «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау», «Стационарлы түрде облыстық әлеуметтік қорғау туралы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету Стандарты».

МӘМ-де 1 Ұлы Отан соғысы ардагері тұрып жатыр. Тыл еңбеккерлері – 26 адам. Қайтқан жауынгердің жесірі - 1 адам. Қайтқан мүгедектің  жесірі – 1 адам. Лагерлер тұтқыны– 1 адам. Ленинград қорғаушысы – 1 адам.

Мақаланың шыққан күні: 03.01.2018 18:12
Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.01.2018 18:12
Қаралым саны: 593

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: social@akmo.kz