Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Шортанды ауданы, Жолымбет кентінің арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы » КММ

Мекеменің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Жолымбет кенті, Глинина көшесі, № 1 үй.

Байланыс телефоны ( факс): 8 (716 31) 27-5-68

Мекеменің құрылған күні:   мекеме 2015 жылы құрылған, ғимарат 1964 жылы пайдалануға берілген.

Жоспарланған орын саны: 203 адам.

Мекеменің директоры: Құрымбаев Өміржан Сарсенбекұлы

Қызметкерлердің саны: 113 адам.

«Жолымбет к. МӘМ» КММ -сі  он сегіз  жастан жоғары психоневрологиялық  аурулармен  ауыратын мүгедектерге арналған мекеме.

Мекеме халықты әлеуметтік қорғау саласында, әлеуметтік  қызмет көрсету  стандартына сәйкес жұмыс атқарады, сегіз әлеуметтік қызметтерді (әлеуметтік- тұрмыстық, әлеуметтік- психологиялық,  әлеуметтік - педагогикалық,  әлеуметтік- медициналық, әлеуметтік- заңдық, әлеуметтік- экономикалық, әлеуметтік - еңбектік, әлеуметтік - мәдени) қызмет алушыларға толық көлемде ұсынады.

Мекемеде қызмет алушылар үшін әлеуметтік-оңталантыру және сауықтыру кабинеттері жұмыс атқарады: психологтың кабинеті, стоматологтың кабинеті, процедуралық кабинет, байқау кабинеті, физиокабинет, әлеуметтік-еңбекке оқыту кабинеттері, тігін шеберханасы, ағаш шеберханасы, емдік дене шынықтыру залы, спортзал, актзалы, кітапхана, қазақ тілі кабинеті және шаштараз.

Мекеменің негізгі мақсаты - психоневрологиялық аурулары бар қызмет алушылардың денсаулықтарын сақтау және жақсарту, үй тіршілік әрекетіне жақын жағдай қалыптастыру, тұлғалық даму деңгейін жоғарылату, әлеуметтендіру, интеграциялау, сонымен қатар дискриминацияның барлық формаларынан, физикалық және психологиялық зорлық - зомбылықтан және дөрекі сөйлеуден қорғау.

Мақаланың шыққан күні: 03.01.2018 18:00
Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.03.2018 12:39
Қаралым саны: 3154