A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Көкшетау қаласы, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ

Мекен-жайы: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Ақан-серi көшесi 172

Телефоны: 8 (7162) 25-61-81; 25-52-64

Мекеменiң негiзделген күнi: 1972 жылы

Мекеменiң директоры: Мұстафинова Алтын Сексенбаевна

Жобалық сыйымдылығы: тұрақты тұруға 75 орын, жартылай стационар жағдайында 20 орын.

Көкшетау МӘМ 1995 жылы құрылды. Сондай-ақ мекемеге 19 бала 2009 жылы ашылған күндiзгi топқа барады. Топта iс-қимыл функциясы бұзылған балалар тәрбиеленуде. «Арнайы әлеуметтiк қызмет көрсету» Заңы бойынша барлық балаларға 8 бағытта әлеуметтiк қызмет көрсетiледi. Тәрбиеленушiлер медициналық қызметпен камтылған: массаж, физиоемдеу, күндегiлiк педиатр тексерiсi, невропатолог пен психиатр кеңесi, тағайындауы, ЛФК нұсқаушысы жұмыс iстейдi. Аптасына екi рет балалар бассейнге барады: 6 рет түрлi калориялық тамақтандыру мәзiрi қарастырылған. МӘМ-де үй жағдайына сайкес жағдай жасалған. Жарық, жайлы ойын және ұйқы бөлмелерi. Балалар үшiн үш арнайы көлiк қарастырылған. Мекемеде әлеуметтiк бейiмделуге және еңбекке бағыттауға барлық жағдай жасалған. Логопед, психолог, дефектолог мамандары, еңбек нұсқаушысы, ән-күй мен дене шынықтыру мұгалiмдерi әр-бiр балаға арнап жеке жоспар құрады. Еңбек шеберханалары, заманауи жабдықталған спорт зал, ЛФК кабинетi және балаларға психологиялық тұрғыдан жақсы әсер ететiн психологиялық жүк түсiру бөлмесi жасалған. Барлық мерекелiк iс-шара музыка залында өтедi. Көкшетау МӘМ-ң тәрбиеленушiлерi паралимпиялық ойындарына белсене катысып, жүлделi орындарға ие болады. Зерендi, Шалқар, Бурабайға және «Алтын арман »экопаркiне бiркүндiк саяхат жиi жасалып тұрады.

Мақаланың шыққан күні: 04.01.2018 14:50
Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.01.2018 14:50
Қаралым саны: 1662

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: social@akmo.kz