A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Бұланды ауданы, Макинск қаласы, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ

Мекен-жайы: Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қ., Клубная көшесi, 30 үй

Телефоны: 8 (71646) 22 00 2

Мекеменiң құрылған күнi: 1995 жылы мекеме эксплуатацияға еңгiзiлген

Мекеме директоры: Ларионова Надежда Николаевна

Жоспарлы төсек-орын: тұрақты тұруға 62 орын

1995 жылы «Степгелогия» кентiнде орналасқан 1 қабатты ғимаратта 30 орындық қарттар мен мүгедектерге арналған үй-интернат ашылды. 1999 жылы қызмет алушылардың тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында Бұланды ауданының әкiмшiлiгi қарттар мен мүгедектерге айналасындағы жерiнде жасыл ағаштары отырғызылған 3 қабатты ғимарат берiлдi.

2005 жылдың 18 қаңтарынан бастап үй-интернат Ақмола облысының әкiмшiлiгiнiң 2004 жылдың 26 қарашасында шыққан № А-10/285 қаулысы негiзiнде Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасының ведомстволық мекеме атанды.

Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасының «Бұланды ауданы, Макинск қаласы, қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтiк мекемесi» КММ степгеология кентiнде орналасқан. Ғимараттың ауласы абаттандырылған қайың, қарағай, шырша ағаштары өседi. Гүлзарлар өте көп, күн шуақтан шатыры бар ыңғайлы орындықтар тағы бар. Бұланды МӘМ тұрақты тұру орны 62 орынға жоспарланып ұйымдастырылған.

МӘМ ғимараты үш қабаттан тұрады. Бiрiншi қабатта қимыл-қозғалыссыз және өз-өзiне қызмет көрсетуге шектеулi және ұдайы күтiм талап ететiн қызмет алушыларға арналған. Әр бөлмеде шұғыл түрде медбикенi шақыруға арналған түймесi бар.

Қазiргi уақытта мекемеде 62 қарттар мен мүгедектер пана тапқан. Ең үлкенi — 97, кiшiсi- 30. Қамтылуы — 100 пайыз, соның iшiнде жиырма екi адамы мүгедектер (бесеуi — I топ, он төртi- II топ, үшеуi — III топ) олардың iшiнен — алты адам зейнеттiк жасқа толмағандар. Тұрғындардың орта жасы жетпiс төрт жас , солардың iшiнде тоқсаннан жүз жасқа дейiн — төрт адам, сексеннен тоқсан жасқа дейiн — он екi адам, жетпiстен сексенге дейiн — жиырма алты адам, алпыстан жетпiске дейiн — он екi адам, елуден алпыс жасқа дейiн — төрт адам, отыздан қырық жасқа дейiн — бiр адам.

ҰОС ардагерi — бiр адам, ҰОС ардагердiң жесiрi — бiр адам, алтауы — тыл еңбеккерлерi. Мемлекеттiк қызмет «Халықты әлеуметтiк қорғау саласының арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету стандартына», «ҚР мүгедектерiнiң әлеуметтiк қорғау», «Арнайы әлеуметтiк қызмет көрсету» ҚР Заңнамаларына сәйкес және басқада нормативтi құжаттар бойынша жүргiзiледi, олардың iшiндегi жетi әлеуметтiк қызметтер: тұрмыстық, медициналық, психологиялық, мәдени, еңбектену, экономикалық және құқықтар қызметi толық көрсетiледi.

Әр қызмет алушыға жеке жұмыс жоспары әзiрленген. Зейнеткер мен мүгедектер ыңғайы жасалған бөлмеде екi адамнан тұрады. Қамқорға алынғарды бөлмеге орналастыру жағдайда денсаулығының қалпына, жас ерекшелiктерi, психологиялық қалпы, ерекшелiктерiне қарай орналыстырады. Бес рет тамақтандырылады. Күнiне тамақтану үшiн қызмет алушыға 1092 теңге жұмсалады.

Жылына бiр адамға 1,0 млн теңге жұмсалады.

МӘМ мәдени-тұрмыстық комиссия (МТК) ұйымдастырылған, оның құрамына мекемеде тұратын қызмет алушылар кiредi. МТК мүшелерi қызмет алушыларды белсене мәдени-қоғамдық және тәрбиелiк жұмыстарға, үй iргесiндегi учаскiсiндегi жұмысқа, өз-өзiне қызмет көрсету және тұрмыстық жағдайларын жақсартуға тартады.

Сапалы қызмет көрсету үшiн психологиялық жүктеменi түсiру бөлмесi (сенсорлық бөлме), еңбек терапия шеберханасы, демалу бұрышы, асхана, медициналық кабинет, емдеп-егу бөлмесi, оқшалау бөлме, монша, кiр жуу бөлмесi, мәжiлiс залы бар.

Әр түрлi мәдени-қоғамдық және спорттық iс-шаралар, мерекелiк концерттiк бағдарламалар өткiзiледi, қалалық мерекелер мен көрмелерiн, мұражайларына белсене қатысуда. Шахмат-дойбылық, вокалды, әдеби, әуесқой қолөнер клуб үйiрмелерi жұмыс жасайды. Шағын кiтапхана бар. Бурабай курорттық аймаққа, елiмiздiң бас қаласы Астанаға, табиғат аясына демалуға шығу серуендерi ұйымдастырылады.

Бiздiң зейнеткерлер мен мүгедектердiң арасында көркем өнерпаз үйiрмесiне белсене қатысушылар бар, аудандық және облыстық сайыстардың жүлдегерi К.К.Шулановпен ұйымдастырылған вокалды топ бар. I топ мүгедегi Литвинчук Анатолий және II топ мүгедегi Жуков Николай бiрнеше мәртте «Надежда» мүгедек спортшылар арасында облыстық спартакиядаларда жүлделi орындарға ие болған.

Барлық қызмет алушылар ұдайы медициналық бақылауда. МӘМ ұжымдық штатында терапевт дәрiгерлерi, жүйке жүйе ауруларын емдейтiн дәрiгер, жетi медбике, солардың iшiнде дене уқалау медбикесi және тамақтануды қадағалайтын медбикесi, тоғыз санитарка жұмыс жасайды. Тәулiк бойы медициналық ұжым кезекшiлiкте. Тұратын бөлмелерде медбикелердi шақыру үшiн шұғыл жәрдем түймесi бар.

Жыл сайын барлық қызмет алушылар толық медициналық байқаудан өткiзiледi, дәлiрек айтқанда, облыстық және Астана қаласының медициналық мекемелердiң мамандарынан толық консультация алалады.

Аудандық емханасынан кепiлдi және тегiн медициналық көмек бойынша «Д» есепте тұрған отыз төрт зейнеткер мен мүгедек тегiн медициналық препараттар алуда.

Католиктер шiркеу төсек тартып жатқан қызмет алушыларды күтуге арналған гидравликалық көтергiш, тiрек жүргiштер, дәрет алу орындықтар, арбалар, керует алды үстелдердi демеушiлiк көмек ретiнде сыйлыққа тарты.

Қол жетiмдiлiгiн жеңiлдету үшiн 2011 жылы мүгедектердi бiрiншi қабатқа көтеруге арналған көтергiш (платформа) орнатылды, бiрiншi қабаттан далаға ыңғайлы шығу үшiн холлдың өзгерту жұмыстары жасалды, бiрiншi қабаттың бөлмелерiнiң есiктерiн кеңейттi, табалдырықтары алынып тастады.

Мүгедектердi ең басты оңалту әдiсi — еңбектерапиясы болып келедi. Олар таза ауаға шығып iрге учаскiсiнде жұмыс жасауды ұнатады, ауланы абаттандыру мақсатында сенбiлiктерге жиi шығып тұрады. Қызмет алушылар арасында тiгу шеберлерi, суретшi-безендiрушi, түрлi заттардан жасайтын шеберлер, жиһаздардың ұсақ-түйек жөндеу жұмыстарын жасайтындар , сыммен тоқу, iлгек сыммен тоқитындар баршылық. Жоғарыда айтқандар iшiнде — Евдокия Павловна Яценко. Әжей тоқсан жетi жаста. Өзiнiң үлкен жасына қарамастан жай отырудан бас тартады. Өз-өзiне қызмет көрсетудi, ыдысын жууып, сөрелерiн жинауға, тоқылған киiмдердi сөгудi ұнатып жасап тұрады.

Қызмет алушылардың әр қайсысы әлеуметтiк-экономикалық қызметке мұқтаж. Қаражат сақтау шотын ашу, депозиттiк шоттар ашып берiледi, зейнетақыларын және жәрдемақыларын алғаның бақылаймыз. Жәрдемақылар мен өтемақыларды, жеңiлдiктердi алуға арналған құжаттарды рәсiмдеуге және өз құзырлары бойынша сұрақтарды шешу үшiн толық бiлiктi көмек көрсетiледi.

Қызмет алушыларға құқықтық қызмет көрсетiлуде. МӘМ түскеннен бастап заңгер мен әлеуметтiк жұмыстар бойынша маман мекемеде тұру ережесiмен таныстырып, қызмет алушылардың құқықтарымен таныстыру жұмыстары жүргiзедi. Арнайы әлеуметтiк қызмет көрсетудiң заңгерлiк консультацияны ҚР Заңнамасына сәйкес қамтамасыздандырылады.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету үшiн МӘМ штат бойынша 48,5 бiрлiк қарастырылған.

Бiздiң ең басты қағидамызға сүйене отырып, қарт адамдар бiзге өмiр сүруiн жалғастыруға емес, ал бiздiң мамандардың мүмкiндiктерiнше қолайлы жағдай жасау үшiн толыққанды өмiр сүруге келгендерiн ұмытпаймыз.

Жайлы, жасыл үйi жалғыз басты қарттар мен мүгедектер пана тапқан мекен қала тұрғындарына жақсы белгiлi. Қарттар үйiнiң адамдарының беделдерi қала тұрғындарына әйгiлi. Бiзде тұруға тiлек бiлдiрушiлер өте көп. Келушiлер бiздiң қарттардан жақсы қызғанышпен қарайды.

Мүмкiндiктерi шектеулi және жалғыз басты адамдарға — бiздiң үй жақсы қолдау. МӘМ-де бейбiт сүйгiш аураны жасау үшiн көп жұмыс жасауды талап етедi. Мемлекеттен және ұжымның қызметкерлерiнен түскен қолдауы, жандарының жараларын және өмiр сынақтарын толықтай жазбайды.

Қалыптасқан сипаттары мен әдеттер, өмiрлiк стереотиптерiн, өмiрлiк тарихтары, кездесетiн тағдырларымен жұмыс барысында таныс боласын, моральдiқ тұрғыдан қарағанда ауыр берiледi, бiрақ, осыған қарамастан, бiз бiр-бiрiмiздi түсiнуге және жылы мейiрiммен қарап достық аурасын сақтауға тырысамыз.

Мақаланың шыққан күні: 04.01.2018 14:54
Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.01.2018 14:54
Қаралым саны: 1152

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: social@akmo.kz