Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Этникалық көші-қоны бойынша 01.12.2019 жылға ақпарат

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасымен 2019 жылдың 1 желтоқсанға 220 отбасына (476 адам) оралман мәртебесi берiлдi, оның iшiнде Қытайдан — 77 (207), Өзбекстаннан — 44 (62), Моңғолиядан — 84 (187), Ресейден — 14 (19), Қырғызстаннан — 1 (1).

Көрсетiлген мерзiмде жұмыспен қамту мәселелерi бойынша уәкiлеттi органдарға еңбек делдалдылығы үшiн оралмандардың арасынан 50 адам өтiнiш бiлдiрдi, жұмыспен қамтылды — 36 адам, қоғамдық жұмыстарға қатысты — 12.

2019 жылға оралмандарды қабылдаудың өңiрлiк квотасы 306 адам санында бекiтiлдi.

Комиссияның 6 отырысы өткiзiлдi, оралмандарды қабылдаудың өңiрлiк квотасына 106 отбасы қосылды, олардың iшiнде 306 адам.

Оралмандарды қабылдаудың өңiрлiк квотасына қосылғандардың санынан еңбекке қабiлеттi жастағылар 155 адам, 117 адам жұмысқа орналастырылды, 2 адам мамандықты алу үшiн оқудан өтуде, қоғамдық жұмыстар 5 адам, бала күтiмi бойынша демалыста 22 адам табылуда, 9 адам нәтижесiз өз бетiнше жұмыспен қамтылған (жеке қосалқы шаруашылық).

Мақаланың шыққан күні: 11.12.2019 10:51
Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.12.2019 10:51
Қаралым саны: 1256