Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Этникалық көші-қоны бойынша 01.12.2018 жылға ақпарат

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасымен 2018 жылдың 1 желтоқсанына 206 отбасына (440 адам) оралман мәртебесi берiлдi, оның iшiнде Қытайдан — 61 (137), Өзбекстаннан — 55 (90), Моңғолиядан — 64 (152), Ресейден — 8 (13), Қырғызстаннан — 1 (1), алыс шетелдердiң басқа мемлекеттерi — 17 (47).

Көрсетiлген мерзiмде жұмыспен қамту мәселелерi бойынша уәкiлеттi органдарға еңбек делдалдылығы үшiн оралмандардың арасынан 34 адам өтiнiш бiлдiрдi, жұмыспен қамтылды — 19 адам, қоғамдық жұмыстарға қатысты — 13, кәсiптiк оқуға жолданды — 7 адам.

Мақаланың шыққан күні: 11.12.2018 15:48
Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.12.2018 15:48
Қаралым саны: 564