Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Этникалық көші-қоны бойынша 01.11.2018 жылға ақпарат

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасымен 2018 жылдың 1 қарашасына 188 отбасына (398 адам) оралман мәртебесi берiлдi, оның iшiнде Қытайдан — 60 (131), Өзбекстаннан — 52 (85), Моңғолиядан — 51 (122), Ресейден — 7 (12), Қырғызстаннан — 1 (1), алыс шетелдердiң басқа мемлекеттерi — 17 (47).

Көрсетiлген мерзiмде жұмыспен қамту мәселелерi бойынша уәкiлеттi органдарға еңбек делдалдылығы үшiн оралмандардың арасынан 34 адам өтiнiш бiлдiрдi, жұмыспен қамтылды — 17 адам, қоғамдық жұмыстарға қатысты — 13, кәсiптiк оқуға жолданды — 7 адам.

Мақаланың шыққан күні: 26.11.2018 11:46
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.11.2018 11:46
Қаралым саны: 1297