Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Этникалық көші-қоны бойынша 01.10.2019 жылға ақпарат

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасымен 2019 жылдың 1 қазанға 173 отбасына (359 адам) оралман мәртебесi берiлдi, оның iшiнде Қытайдан — 48 (120), Өзбекстаннан — 40 (57), Моңғолиядан — 74 (166), Ресейден — 11 (16).

Көрсетiлген мерзiмде жұмыспен қамту мәселелерi бойынша уәкiлеттi органдарға еңбек делдалдылығы үшiн оралмандардың арасынан 45 адам өтiнiш бiлдiрдi, жұмыспен қамтылды — 33 адам, қоғамдық жұмыстарға қатысты — 12.

2019 жылға оралмандарды қабылдаудың өңiрлiк квотасы 258 адам санында бекiтiлдi.

Комиссияның 5 отырысы өткiзiлдi, оралмандарды қабылдаудың өңiрлiк квотасына 82 отбасы қосылды, олардың iшiнде 258 адам.

Оралмандарды қабылдаудың өңiрлiк квотасына қосылғандардың санынан еңбекке қабiлеттi жастағылар 132 адам, 84 адам жұмысқа орналастырылды, 5 адам мамандықты алу үшiн оқудан өтуде, 5 студенттер, бала күтiмi бойынша демалыста 20 адам табылуда, денсаулық жағдайына байланысты — 2, 9 адам нәтижесiз өз бетiнше жұмыспен қамтылған (жеке қосалқы шаруашылық), 7 адам әртүрлi себептер бойынша жұмыс iстемейтiндер.

Мақаланың шыққан күні: 10.10.2019 08:51
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.10.2019 09:00
Қаралым саны: 687