Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Этникалық көші-қоны бойынша 01.09.2019 жылға ақпарат

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасымен 2019 жылдың 1 қыркүйекке 134 отбасына (257 адам) оралман мәртебесі берілді, оның ішінде Қытайдан - 27 (57), Өзбекстаннан - 30 (44), Моңғолиядан - 66 (142), Ресейден - 10 (13), басқа мемлекттер 1(1).

Көрсетілген мерзімде жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органдарға еңбек делдалдылығы үшін оралмандардың арасынан 41 адам өтініш білдірді, жұмыспен қамтылды - 29 адам, қоғамдық жұмыстарға қатысты - 10.

2019 жылға оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы 258 адам санында бекітілді.

Комиссияның 5 отырысы өткізілді, оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына 82 отбасы қосылды, олардың ішінде 258 адам.

         Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына қосылғандардың санынан еңбекке қабілетті жастағылар 132 адам, 78 адам жұмысқа орналастырылды, 4 адам мамандықты алу үшін оқудан өтуде, 5 студенттер, бала күтімі бойынша демалыста 20 адам табылуда, денсаулық жағдайына байланысты – 2, 8 адам нәтижесіз өз бетінше жұмыспен қамтылған (жеке қосалқы шаруашылық), 15 адам әртүрлі себептер бойынша жұмыс істемейтіндер.

Мақаланың шыққан күні: 10.09.2019 08:59
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.09.2019 09:00
Қаралым саны: 662