Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Этникалық көші-қоны бойынша 01.06.2019 жылға ақпарат

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасымен 2019 жылдың 1 маусымына 76 отбасына (141 адам) оралман мәртебесі берілді, оның ішінде Қытайдан - 10 (16), Өзбекстаннан - 17 (27), Моңғолиядан - 40 (84), Ресейден - 8 (11), алыс шетелдердің басқа мемлекеттері - 1 (3).

Көрсетілген мерзімде жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органдарға еңбек делдалдылығы үшін оралмандардың арасынан 24 адам өтініш білдірді, жұмыспен қамтылды - 11 адам, қоғамдық жұмыстарға қатысты - 9.

2019 жылға оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы 258 адам санында бекітілді.

Комиссияның 4 отырысы өткізілді, оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына 72 отбасы қосылды, олардың ішінде 225 адам (87,2%).

Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына қосылғандардың санынан еңбекке қабілетті жастағылар 120 адам, 47 адам жұмысқа орналастырылды, 5 адам мамандықты алу үшін оқудан өтуде, 6 студенттер, бала күтімі бойынша демалыста 18 адам табылуда, денсаулық жағдайына байланысты – 2, 16 адам нәтижесіз өз бетінше жұмыспен қамтылған (жеке қосалқы шаруашылық), 26 адам әртүрлі себептер бойынша жұмыс істемейтіндер.

Мақаланың шыққан күні: 10.06.2019 08:51
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.06.2019 09:00
Қаралым саны: 149