Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Этникалық көші-қоны бойынша 01.04.2019 жылға ақпарат

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасымен 2019 жылдың 1 сәуіріне 50 отбасына (92 адам) оралман мәртебесі берілді, оның ішінде Қытайдан - 7 (10), Өзбекстаннан - 12 (17), Моңғолиядан - 23 (44), Ресейден - 4 (7), алыс шетелдердің басқа мемлекеттері - 4 (14).

Көрсетілген мерзімде жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органдарға еңбек делдалдылығы үшін оралмандардың арасынан 19 адам өтініш білдірді, жұмыспен қамтылды - 9 адам, қоғамдық жұмыстарға қатысты – 8.

2019 жылға оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы 258 адам санында бекітілді.

Комиссияның 2 отырысы өткізілді, оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына 55 отбасы қосылды, олардың ішінде 175 адам (67,8%).

2019 жылдың 01 наурызына көшуге көмекқаржы 6453,9 мың теңге сомасына төленді, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығындарды өтеуге және коммуналдық қызметтерді төлеуге көмекқаржы - 4483,3 мың теңге.  

Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына қосылғандардың санынан еңбекке қабілетті жастағылар 90 адам, 32 адам жұмысқа орналастырылды, 2 адам мамандықты алу үшін оқудан өтуде, 3 студенттер, бала күтімі бойынша демалыста 13 адам табылуда, 11 адам нәтижесіз өз бетінше жұмыспен қамтылған (жеке қосалқы шаруашылық), 29 адам әртүрлі себептер бойынша жұмыс істемейтіндер.

Мақаланың шыққан күні: 10.04.2019 08:59
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.04.2019 09:00
Қаралым саны: 156