Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Деятельность центр оказания специальных социальных услуг

Облыста арнайы әлеуметтiк қызметтердi ұсынатын 10 орталық бар.

Олардың iшiнде қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы типтегi 5 орталық: Щучинск қ, Бурабай ауданы, Макинск қ. Бұланды ауданы, Дамса а. Шортанды ауданы, Макинка а. Бiржан сал ауданы және Аққайын а. Целиноград ауданында орналысқан. Мүмкiндiгi шектеулi мүгедектерге арналған 4 орталық — олар Купчановка а. Бұланды ауданы, Жолымбет к. Шортанды ауданы, Шантөбе к. Степногорск қаласы және Первомайка а. Астрахан ауданында орналасқан. 1 орталық Көкшетау қ. — психикалық денсаулығы бұзылған балаларға арналған.

Мүгедектер мен қарт адамдар 2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне сәйкес өздерiнiң ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға мiндеттi еңбек етуге қабiлеттi кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) жоқ немесе объективтi себептер бойынша (бiрiншi, екiншi топтағы мүгедектiгiнiң, онкологиялық, психикалық ауруларының болуына, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына, психикалық денсаулық орталығында есепте тұруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуiне, қосымша жұбайы (зайыбы) үшiн — егде жаста болуына байланысты) оларды тұрақты көмекпен және күтiммен қамтамасыз етпейтiн еңбек етуге қабiлеттi кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) бар, өзiне-өзi қызмет көрсете алмайтын және денсаулық жағдайына байланысты стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге жалпы орталықтарда тұра алады.

Барлық деңгейдегi ақыл-ойдың дамуы, соқырлық (көру қабiлетiнiң төмендiгi), психикалық аурудың, шизофренияның ұзаққа созылған формаларының нәтижесiнде орталығында арнаулы әлеуметтiк көмекке мұқтаж бiрiншi және екiншi топтардың психоневрологиялық аурулары бар, тұлғаның ауыр кемiстiгi, эпилепсияның әртүрлi формалары, инфекциялық және мидың басқа органикалық аурулары және т.б. он сегiз жастан асқан адамдар психикалық денсаулығының бұзылған адамдар үшiн орталықтарда тұра алады.

Психикалық денсаулығы бұзылған балаларға арналған орталықтар үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi балаларды барлық деңгейдегi ақыл-ойдың дамуы, соқырлық (көру қабiлетiнiң төмендiгi), эпилепсия, шизофрения салдарынан арнайы әлеуметтiк қызметке мұқтаж орталықта тұра алады.

2019 жылғы 25 қарашасына жағдай бойынша арнаулы әлеуметтiк қызметтердi ұсыну орталықтарында 1294 адам, оның iшiнде жалпы типтiк орталықтарында 440 адам, психикалық денсаулығы бұзылған мүгедектер орталықтарында 798 адам және 56 бала тұрады. Жалпы орталықтарында 21 тегiн орын және балалар орталығында 9 орын бар.

2019 жыл

Мақаланың шыққан күні: 29.11.2019 16:00
Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.12.2019 11:21
Қаралым саны: 1121