Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Азаматтық хал актілері жазбаларын жою мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрiнiң
2015 жылғы 17 сәуiрдегi
№ 219 бұйрығына
11-қосымша

"Азаматтық хал актiлерi жазбаларын жою" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Азаматтық хал актiлерi жазбаларын жою" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрлеген.

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдар (бұдан әрi — ЖАО) (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру мынадай баламалы негiзде:

көрсетiлетiн қызметтi берушi;

қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi;

"Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:

1) құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге немесе Мемлекеттiк корпорацияға — мүдделi тұлғалардың өтiнiшi бойынша — ай (қабылданған күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi), басқа мемлекеттiк органдарға сұрау салу және қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған кезде — көрсетiлетiн қызметтi алушыны қарау мерзiмi ұзартылған кезден бастап күнтiзбелiк 3 (үш) күн iшiнде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

сот шешiмiнiң негiзiнде — күнтiзбелiк 15 (он бес) күн (қабылданған күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi), басқа мемлекеттiк органдарға сұрау салу және қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған кезде — көрсетiлетiн қызметтi алушы қарау мерзiмi ұзартылған кезден бастап күнтiзбелiк 3 (үш) күн iшiнде хабардар етiле отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшiн рұқсат берiлетiн ең ұзақ күту уақыты:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге — 20 (жиырма) минут;

Мемлекеттiк корпорацияға — 15 (он бес) минут;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыты:

көрсетiлетiн қызметтi берушiде — 20 (жиырма) минут;

Мемлекеттiк корпорацияға — 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi:

азаматтық хал актi жазбасының күшiн мүдделi тараптардың өтiнiшi бойынша, сондай-ақ сот шешiмi негiзiнде жойған кезде — азаматтық хал актi жазбасының күшiн жою туралы тiркеушi органның жауабы;

әке болуды анықтау, бала асырап алу (алғашқы қалыптастырылған жеке сәйкестендiру нөмiрiн қалпына келтiрумен), атын, тегiн, әкесiнiң атын өзгерту туралы жазбалардың күшiн жойған кезде — бастапқы деректермен қайталама туу туралы куәлiк, қажет болған жағдайда, туу туралы анықтама;

неке бұзу туралы акт жазбасының күшiн жойған кезде — тиiстi некенi қию туралы куәлiк;

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткiзгiштегi дәлелдi жауап.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiнiң нысаны: қағаз түрiнде.

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiде, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанға дейiн.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 09.00-ден 17.30-ға дейiн.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет қызметтi алушының тұрғылықты жерi немесе жойлатын актi жазбасының сақталу орны бойынша, алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен көрсетiледi.

2) Мемлекеттiк корпорацияда — Еңбек заңнамасына сәйкес және белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, үзiлiссiз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет "электрондық" кезек тәртiбiмен, жеделдетiп қызмет көрсетусiз көрсетiледi.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы не оның уәкiлеттi өкiлi жүгiнген кезде азаматтық хал актiсi жазбасын жою үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысандағы актi жазбасын жою туралы өтiнiш (бұдан әрi — өтiнiш);

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендiру үшiн);

3) жойылуға жататын азаматтық хал акт жазбасының негiзiнде берiлген куәiлiктер немесе анықтамалар;

4) азаматтық хал актi жазбаларының жойылу қажеттiгiн растайтын құжат (бар болған жағдайда);

5) көрсетiлетiн қызметтi алушының өкiлi жүгiнген кезде, нотариалды куәландырылған сенiмхат;

Заңды күшiне енген сот шешiмi негiзiнде мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушы мыналарды ұсынады:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы сот шешiмi негiзiнде актi жазбасын жою туралы өтiнiш;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке куәлiгi (жеке басын сәйкестендiру үшiн);

3) мемлекеттiк тiркеу орны мен уақыты көрсетiлген күшiн жою туралы, бұрын шығарылған фактiнi тану не актi жазбасын мемлекеттiк тiркеу туралы сот шешiмiнiң күшiн жою туралы, күшiн жоюға жататын актi жазбасын көрсете отырып, актi жазбасын жарамсыз деп тану туралы заңды күшiне енген сот шешiмi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, сондай-ақ егер тiркеу Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейiн жүргiзiлген болса, азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктер туралы мәлiметтер, көрсетiлетiн қызметтi берушi және Мемлекеттiк корпорация қызметкерi "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Құжаттарды қабылдау кезiнде көрсетiлетiн қызметтi берушi, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi немесе Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi құжаттардың көшiрмелерiн тексередi, одан кейiн түпнұсқаларын көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көрсетiлген құжаттарды берген кезде:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiде, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерiнде қағаз түрiнде құжаттар топтамасының қабылданған күнi мен уақыты көрсетiлген тiркеу туралы белгi өтiнiштiң қабылданғанын растау болып табылады;

2) Мемлекеттiк корпорацияда: сұрау салудың нөмiрi мен қабылданған күнi, сұратылып отырған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң түрi, қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы, құжаттардың берiлген күнi, уақыты және орны, құжаттарды рәсiмдеуге қабылдаған Мемлекеттiк корпорация қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), көрсетiлетiн қызметтi алушының тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), уәкiлеттi өкiлдiң тегi, аты, әкесiнiң аты және олардың байланыс телефондары көрсетiлген қолхат берiледi.

9-1. Мемлекеттiк корпорацияда дайын құжаттарды беру көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде (немесе нотариатта куәландырылған сенiмхат бойынша оның өкiлiнiң) қолхат негiзiнде жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк корпорация нәтиженiң бiр ай бойы сақталуын қамтамасыз етедi, содан соң одан әрi сақтау үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге тапсырады. Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткен соң өтiнiш жасаған кезде, көрсетiлетiн қызметтi берушi Мемлекеттiк корпорацияның сұрау салуы бойынша бiр жұмыс күнi iшiнде дайын құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушыға табыс ету үшiн Мемлекеттiк корпорацияға жолдайды.

10. Көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызметтi көрсетуден мынадай негiздер бойынша бас тартады:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттарының және (немесе) онда қамтылатын деректердiң (мәлiметтердiң) анық еместiгiн анықтау;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының және (немесе) мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi ұсынылған материалдардың, деректердiң және мәлiметтердiң "Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң, "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" және "Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының, "Азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеудi ұйымдастыру, азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларына өзгерiстер енгiзу, қалпына келтiру, күшiн жою тәртiбi қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10764 болып тiркелдi) талаптарына сәйкес келмеуi;

3) уәкiлеттi мемлекеттiк органның мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн талап етiлетiн келiсiмi туралы сұрау салуға берiлген терiс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудiң не тексерудiң терiс қорытындысы.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi берушi немесе Мемлекеттiк корпорация қызметкерi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады, бұл ретте Мемлекеттiк корпорация қызметкерi осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжат қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат бередi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы қолданылу мерзiмi өтiп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады.

3-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне шағымдану): шағым осы мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының 14-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызмет берушiнiң басшысының атына және Министрлiкке берiледi.

Лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне шағым, жоғары тұрған лауазымды адамға немесе бағыныштылық тәртiбiмен субъектiге әрекеттiң жасалғаны не тиiстi лауазымды адамның немесе субъектiнiң шешiм қабылдағаны туралы жеке немесе заңды тұлғаға белгiлi болған кезден бастап үш айдан кешiктiрiлмей берiледi. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кетуi субъектнiң немесе лауазымды адамның шағымды қараудан бас тартуына негiз болып табылмайды. Мерзiмнiң өтуiнiң себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негiздiң бiрi болып табылуы мүмкiн.

Мемлекеттiк корпорация қызметкерiнiң әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағым осы мемлекеттiк қызмет стандартының 14-тармағында көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттiк корпорацияның басшысына жолданады.

Мемлекеттiк корпорацияға қолма-қол да, пошта арқылы да түскен шағымның қабылданғанын растау оның тiркелуi (тiркеу мөртабаны, кiрiс нөмiрi және тiркеу күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады) болып табылады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлген қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағым жасай алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен шағымы тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

Мемлекеттiк қызмет көрсетiлетiн нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiне алады.

Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда, "электрондық үкiмет" веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы немесе көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң кеңсесiнде шағымды қабылдап алған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алудың мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, шағымды тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Портал арқылы жүгiнген кезде шағым жасаудың тәртiбi туралы ақпаратты Бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

Шағымды көрсетiлетiн қызметтi алушыға портал арқылы "жеке кабинеттен" жiберген кезде жүгiну туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өтiнiшiн өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып тұрады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына келiп түскен шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта арқылы, "электрондық үкiметтiң" веб-порталы арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.

4-тарау. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi көрсету ерекшелiктерi ескерiлген өзге де талаптар

13. Заңнамада белгiленген тәртiппен өзiн-өзi қарап кұту, өздiгiнен жүрiп-тұру, бағдарлай алу қабiлетiнен немесе мүмкiндiгiнен толық немесе iшiнара айырылған көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк қызметтi көрсету 1414, 8 800 080 7777 Бiрыңғай байланыс-орталығы арқылы жүгiнгенде көрсетiлетiн қызметтi берушi құжаттарды қабылдау үшiн тұрғылықты жерiне шыға отырып жүргiзедi.

14. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары

1) мемлекеттiк қызмет берушiнiң интернет-ресурстарында, www.adilet.gov.kz Әдiлет министрлiгiнiң сайтында;

2) Мемлекеттiк корпорацияның www.gov4с.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты 1414, 8 800 080 7777 Бiрыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қолжетiмдiлiк режимiнде алады.

Жүктеу  (DOCX 35 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 24.07.2018 14:02
Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.07.2018 14:02
Қаралым саны: 1316