Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
2018 жылдың 20 ақпанында әлеуметтік серіктестік аясында басқармасында жұмыс тобының отырысы өтті

2018 жылдың 20 ақпанында әлеуметтiк серiктестiк аясында Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасында 2018-2020 жылдарға арналған Ақмола облысы әкiмдiгi, облыстық жұмысшылар бiрлестiгi және облыстық жұмыс берушiлер бiрлестiгi арасындағы облыстық жаңа келiсiм жобасын дайындау бойынша жұмыс тобының отырысы өттi.

Оған әлеуметтiк серiктестiк жақтары және облыстың мүдделi мемлекеттiк органдары қатысты, Келiсiм тармақтары талқыланды, қатысушылармен өзгертулер енгiзу бойынша ұсыныстар берiлдi.

Мақаланың шыққан күні: 25.05.2018 13:05
Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.06.2018 14:17
Қаралым саны: 797