Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға мемлекеттік органның қызметшілері арасында ішкі конкурс
«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға мемлекеттік органның қызметшілері арасында ішкі конкурс

«Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламларды үйлестiру басқармасы» ММ (индексi 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Пушкина көшесi, 23, 404 кабинет, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8(716-2) 29-86-17, электрондық мекен-жайы: (adm_otdel.ok.777@mail.ru) орналасуға «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламларды үйлестiру басқармасы» ММ қызметшiлерi арасындағы «Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына iшкi конкурс жариялайды:

Мемлекеттiк сатып алу бөлiмiнiң басшысы, «D-О-3» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 109 898,37 теңгеден 148300,86 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: бөлiм қызметiн, табиғи монополиялар субъектiлерi Мемлекеттiк тiркелiмiнiң, мемлекеттiк органдарымен көрсетiлетiн ақылы қызмет көрсету Мемлекеттiк тiркелiмiнiң, белгiлi тауар нарығында басымды орын алатын нарық субъектiлерi Мемлекеттiк тiзiлiмiнiң жергiлiктi бөлiмдерiне енгiзiлген шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiмен жұмысты ұйымдастыру. Конкурс арқылы жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң мемлекеттiк сатып алуын ұйымдастыру және өткiзу. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын және Қазақстан Республикасының Бюджеттiк кодексiн сақтау мәселерi бойынша ведомствоға бағынысты мекемелердiң қызметiне бақылауды жүзеге асыру. Еңбек нормаларын және еңбекақы төлеу жүйесi бойынша шаттарын ұйымдастыру саласындағы Мемлекеттiк саясатты iске асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары бiлiмi, құқық немесе экономика және бизнес саласында.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк.

Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1)мемлекеттiк қызмет өтiлi екi жылдан кем емес;

2)осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3)Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты мәртебесiнде немесе тұрақты негiзде қызмет ететiн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесiнде немесе халықаралық қызметкер мәртебесiнде қызмет өтiлi екi жылдан кем емес;

4)мемлекеттiк қызмет өтiлi үш жылдан кем емес, оның iшiнде орталық немесе облыстық деңгейдегi құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттiк органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейiнен төмен емес, жергiлiктi әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екi жылдан кем емес;

5)осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi үш жылдан кем емес, оның iшiнде басшылық лауазымдарда бiр жылдан кем емес;

6)жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы бiлiм беру ұйымдарында немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7)ғылыми дәрежесiнiң болуы.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi министрiнiң 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары» (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар шақырылады. Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн тұлға әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасы» ММ персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) тiркеледi.

Қағидаларының 54- тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үмiттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тiзiмiнен бiр эссенi жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссенi жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Iшкi конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:

1) белгiленген нысан бойынша өтiнiш;

2) тиiстi персоналды басқару қызметiмен (кадр қызметiмен) құжаттарды тапсыру күнiне дейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде расталған қызметтiк тiзiм.

Құжаттардың толық емес пакетiн немесе дәйексiз мәлiметтердi ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесi арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесi арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн 1 сағат бұрын кешiктiрiлмей бередi.

Құжаттар «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасы» ММ ресми сайтында iшкi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған кейiнгi келесi жұмыс күнiнен бастап 3 жұмыс күннiң iшiнде ұсынылуы қажет.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесуге жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 3 жұмыс күн iшiнде «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасы» ММ өтедi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттiк
әкiмшiлiк лауазымына
орналасуға конкурс өткiзу
қағидаларына 2-қосымша

Нысан
__________________________
(мемлекеттiк орган)

Өтiнiш

Менi___________________________________________________________

____________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасу

конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын. Мемлекеттiк әкiмшiлiк

лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын

қалыптастыру қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен

келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

Қоса берiлген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

_________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________

__________________________________________________________________

________ ______________________________

қолы (Тегi, аты, әкесiнiң аты(болған жағдайда)

«___»_______________ 20 __ ж.

Мақаланың шыққан күні: 20.03.2019
Қаралым саны: 529