Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
2020 жылдың 7 айындағы жұмыс қорытындысы бойынша өңірлермен бірге бейне-конференц кеңес
2020 жылдың 7 айындағы жұмыс қорытындысы бойынша өңірлермен бірге бейне-конференц кеңес

Ағымдағы жылы 26 тамызда сағат Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары М.С. Тәткеевтың төрағалығымен өңiрлермен бiрге жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасының 2020 жылдың жетi айындағы жұмыс қорытындысы бойынша бейне-конференц кеңес өттi.

Жұмыспен қамтудың Жол картасын, Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» Мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру, Электрондық еңбек биржасының көрсеткiштерiн орындау және т.б. мәселелер қаралды.

Мақаланың шыққан күні: 26.08.2020
Қаралым саны: 154