Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Жаңа форматта
Жаңа форматта

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының бастығы Дина Ахметжанова атаулы әлеуметтiк көмектiң форматы қалай өзгеретiнiн және ендi кiмге сенiм артуға болатындығын айтып бердi.

- Өздерiңiз бiлетiндей, биыл АӘК форматы өзгердi. Көмек көрсету критерийi жоғарылады, көп балалы отбасыларға төлемдер тағайындау тәртiбi өзгертiлдi », — дедi Дина Камидуллақызы. — Бiздiң өңiрде АӘК орташа мөлшерi үш есеге өстi — бiр отбасына орта есеппен 63 мың теңге кетедi. Қазiр төлемдердi 8,5 мың отбасы немесе 42 мың адам алады, оның 36% — көп балалы отбасылар.

Көмек берудiң жаңа форматы үш бағытты қамтиды: 1. Көп балалы отбасыларға табыс деңгейi ескерiлмеген кепiлдендiрiлген жәрдемақы берiледi. Бұл көп балалы аналардың қаржылық жағдайы мен әлеуметтiк мәртебесiне қарамастан, олардың беделiн әдiл мойындау болады. Жәрдемақы бiр балаға орта есеппен 10-11 мың теңгенi құрайды.

2. Аз қамтамасыз етiлген азаматтар бұрынғыдай атаулы әлеуметтiк көмек алады. Бұл жағдайда АӘК тағайындаудың негiзгi шарттарының бiрi жұмыс iстеу және отбасы үшiн жауапкершiлiктi сақтау қажеттiлiгi болып қала бередi. Табысы аз адамдарға мемлекет субсидияланған жұмыс, жеңiлдетiлген микрокредиттер және бизнестi бастау үшiн қайтарымсыз гранттар ұсынылады. Сонымен қатар, егер еңбекке қабiлеттi отбасы мүшесi ұсынылған жұмыс және жұмысқа орналасудан бас тартса, онда АӘК төлеу тек оған ғана емес, бүкiл отбасына тоқтайды.

3. Аз қамтамасыз етiлген отбасы балаларына кепiлдендiрiлген әлеуметтiк пакет. Ол мектеп жасына дейiнгi балаларға арналған тамақ және гигиена заттарының жиынтығы, мектептердегi ыстық тамақ, мектеп киiмдерi мен керек-жарақтарына ақы төлеу, мектеп оқушыларының жол жүру шығындарын өтеу.

Мақаланың шыққан күні: 09.10.2019
Қаралым саны: 115