Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Айына 600 литр сүт тапсырамын – Ақмола облысының АӘК алушысы
Айына 600 литр сүт тапсырамын – Ақмола облысының АӘК алушысы

Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Арбузинка ауылының атаулы әлеуметтiк көмек алушысы (бұдан әрi — АӘК) iрi қара мал өсiрумен айналысады.

Макка Асхабова — «Күмiс алқа» құрметтi атағының иегерi болғандықтан алты баланы тәрбиелеу қаншалықты қиын екенiн жақсы бiледi. Алайда, ол мемлекеттен ақша талап ететiн және жұмыс iстегiсi келмейтiн көпбалалы аналардың митингiге шығуына қарсы.

«Мен көпбалалы аналардың наразылықтарын және олар қатысатын митингiлердi мүлде қолдамайтынымды айтқым келедi. Менiң ойымша, әрбiр әйел өзiне шектеу қоймастан жұмыс iстеуi керек, өзiн-өзi дамытумен және болашаққа жоспар құрумен айналысуы керек. Мақтанғаным емес, бiрақ мен 6 баланы тәрбиелеп, «Күмiс алқа» атағына ие болып отырған соң қыздарыма лайықты үлгi болуға тырысамын. Құрметтi әйелдер, жұмыс жасаңыздар! Митингiлер мен наразылықтар арқылы ештеңеге қол жеткiзе алмайсыздар. Бойыңызды жинақтап, мақсатқа жету ешқашан кеш емес», — дейдi көп балалы ана қазақстандық әйелдерге.

Оның айтуынша, отағасы — комбайн жүргiзушiсi, өзi үй шаруасында. Ол өзiнiң барлық бос уақытын балаларын тәрбиелеуге жұмсайды. Бүгiнде мемлекет тарапынан көптеген бағдарламалар жасалып жатыр, соның нәтижесiнде иақсаттарын жүзеге асырып, үлкен жетiстiктерге қол жеткiзуге, болады дейдi Макка Асхабова.

«Бiз күйеуiмiз екеумiз жақыннан берi iрi қара мал өсiрумен айналысамыз. 2016 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша 3 млн. теңге көлемiнде кредит алған болатынбыз. Бүгiнде кредиттi толығымен төледiк, сарай салдық, қазiр ауылда жеке бизнеспен айналысудамыз. 8 сауын сиырдан күнiне 25-30 литр сүт аламын. Айына орташа есеппен 600 литр сүт өткiземiн», — дейдi Макка Асхабова.

«Атаулы әлеуметтiк көмек көпбалалы отбасыларға өмiр сүру жағдайын жақсартуға мүмкiндiк бередi, алушылардың көбi мемлекет есебiнен қысқа мерзiмдi қайта даярлау курстарынан өтуде, өңiрдiң 703 тұрғынын жұмысқа орналасуына көмектестiк. Сондай-ақ кәсiпкерлiк негiздерiне оқытуға және жеке бизнес ашуға, жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға жәрдемдесемiз. Ағымдағы жылы 37 көпбалалы ана жаңа бизнес-идеяларға 505 мың теңге көлемiнде өтеусiз грант алды. Атаулы әлеуметтiк көмек көпбалалы отбасылар үшiн үлкен тiрек», — дедi облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының басшысы Дина Ахметжанова.

Оның айтуынша, аталған көпбалалы отбасы ағымдағы жылдың маусым айынан бастап шартты ақшалай көмек алушы болып табылады. Оларға ай сайын 152 мың 927 теңге көлемiнде жалпы сомасы 1 млн 835 мың теңге атаулы әлеуметтiк көмек тағайындалды.

Ағымдағы жылғы 7 қазанда ҚР Үкiметi отырысында Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Бiржан Нұрымбетов Қазақстанда 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап енгiзу жоспарланып отырған АӘК көрсетудiң жаңа тетiктерiн таныстырғанын еске сала кетейiк.

«Ең басты принцип ¬– мемлекет көмекке мұқтаж адамдарға, әсiресе балалар мен көпбалалы отбасыларға көмектеседi! Еңбекке қабiлеттi азаматтар жұмыс iстеуi керек. Мемлекет жұмысқа орналасуға немесе шағын бизнеспен айналысуға көмектеседi. Мемлекеттiк көмекке — көп балалы отбасыларды қолдау, табысы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтiк көмек көрсету, табысы аз отбасылардағы балаларға кепiлдендiрiлген әлеуметтiк пакетi кiредi», — дедi Бiржан Нұрымбетов.

Министрдiң айтуынша, көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету республикалық бюджеттен мемлекеттiк жәрдемақылар енгiзу арқылы қамтамасыз етiлетiн болады. Бұл мемлекеттiк жәрдемақы барлық көпбалалы отбасыларға (4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар), табысына қарамастан төленедi.

АӘК табысы аз отбасыларға, соның iшiнде көпбалалы отбасыларға төленетiн болады. Ең аз күнкөрiс деңгейiнiң 70%-ын тағайындаудың шектi өлшемi қалады. Егер еңбекке қабiлеттi отбасы мүшесi ұсынылған жұмыстан және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларынан бас тартса, онда АӘК төлемi тек оған ғана емес, бүкiл отбасына да тоқтатылады

Аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшiн кепiлдi ендiрiлгенәлеуметтiк пакеттi енгiзу ұсынылады. 1 жастан 6 жасқа дейiнгi балаларды азық-түлiк жиынтығымен және гигиеналық құралдармен, 6 жастан 18 жасқа дейiнгi балаларды мектептерде ыстық тамақпен, оқу құралдарымен және мектеп киiмiмен қамтамасыз етедi, сондай-ақ оларға мектепке дейiнгi жол жүру шығындары өтелетiн болады. Медициналық, оның iшiнде стоматологиялық көмек 18 жасқа дейiнгi балаларға тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi және мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру шеңберiнде көрсетiлетiн болады.

Ағымдағы жылдың тоғыз айында АӘК 417 мың отбасына немесе 2,1 млн адамға тағайындалды. АӘК орташа мөлшерi бiр адамға 2,5 есе, 6848 теңгеден 16 446 теңгеге дейiн өстi. Орташа есеппен отбасына 90 мың теңге шығады, айына ең көп тағайындалған сома — 455 мың теңге. Биыл АӘК-ке 206,2 млрд теңге көзделген, оның 146,4 млрд теңгесi төлендi.

Мақаланың шыққан күні: 10.10.2019
Қаралым саны: 403