Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған мерекелік шара
Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған мерекелік шара

30 қазанда әлеуметтiк қорғау жүйесi қызметкерлерiнiң кәсiби мерекесiне арналған салтанатты шара өттi.

«Достар» сауықтыру орталығында арнайы әлеуметтiк қызметтердi көрсететiн 10 орталықтың қамқорлығындағы — қарттар мен мүмкiндiгi шектеулi жандардың жұмыстарының өзiндiк көрмесi ұйымдастырылды.

Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев өзiнiң құттықтау сөзiнде халықты сапалы әлеуметтiк қорғау бүкiл қоғамның тұрақтылығы мен әл-ауқатының көрсеткiшi екенiн атап өттi.

Әрқашан нақты адамға көмектесу арқылы сiз мемлекеттiк мәселенi шешесiз — азаматтарға әлеуметтiк әдiлеттiлiк пен әлеуметтiк кепiлдiктер бересiз», — дедi аймақ басшысы.

Бiр жарым мыңнан астам қызметкер облыстың әлеуметтiк қорғау жүйесiнде жұмыс iстейдi және 200 мың ақмолалықтарға баға жетпес көмек көрсетедi.

Сектордың үздiк өкiлдерi ведомстволық наградалармен, дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталады. Iс-шара мерекелiк концертпен аяқталды.

Мақаланың шыққан күні: 04.11.2019
Қаралым саны: 31