Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Кеңес өткізілді
Кеңес өткізілді

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасымен 2019 жылдың 23 қазаны Ақмола облысы әкiмi аппаратының мемлекеттiк қызметтердi көрсетуге талдау жасау бөлiмiнiң басшысы Д.Г. Жұмабектi шақырумен Ақкөл, Бурабай, Бұланды, Зерендi аудандары, Бiржан Сал ауданы, Көкшетау қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiнiң және жұмыс қамту орталықтарының қызметкерлерiмен кеңес өткiзiлдi.

Кеңес барысында мемлекеттiк қызметтердi көрсетуге талдау жасау бөлiмiнiң басшысы Д.Г. Жұмабек мемлекеттiк қызмет көрсететiн ғимараттарда мүмкiндiгi шектеулi адамдар үшiн қол жетiмдiлiктi қамтамасыз ету, көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен мемлекеттiк қызметтердi көрсетуде сапалы бас тарту ұсыну, 2019 жылдың 1 қарашасынан бастап «Тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiн алып тастау туралы айтты.

Сонымен қатар, кеңес барысында мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс бөлiмiнiң басшысы А.М. Ильясова ерекше қажеттiлiктерi бар тұлғаларға мемлекеттiк қызмет көрсету мәселесi бойынша, сондай-ақ әлеуметтiк нормативтер, әлеуметтiк көмек және ақпараттық талдау жұмысы бөлiмiнiң басшысы А.Ж. Қазиева «Мемлекеттiк әлеуметтiк көмек тағайындау» қызметiн көрсету мәселесi бойынша баяндамалар жасады.

Мақаланың шыққан күні: 24.10.2019
Қаралым саны: 85