A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмек туралы семинар

Маусымның 7-8 аралығында Көкшетау қ. №1 құрылыс- техникалық колледжi негiзiнде жаңа үлгiдегi атаулы әлеуметтiк көмектi жүзеге асыру, 2018 жылдан бастап енгiзiлген жаңа үлгiдегi атаулы әлеуметтiк көмектi жүзеге асырудың тәжiрибесiмен алмасу жөнiнде алдын-ала жасалған қорытындылары туралы семинар өткiзiлдi.

Семинарға жұмыспен қамту бөлiмдердiң, халықты жұмыспен қамту орталықтардың мамандары және әлеуметтiк жұмысы жөнiнде көмекшiлерi мен кеңес берушiлерi қатысты. Жалпы бұл шараға қатысқандар саны 78 адам болды.

Жаңа үлгiдегi атаулы әлеуметтiк көмектi жүзеге асыру мәселесi бойынша басқарманың орынбасары Ш.С.Рахматуллина сөз сөйледi, ағымдағы жылдан бастап енгiзiлген жаңа үлгiдегi атаулы әлеуметтiк көмектi жүзеге асырудың тәжiрибесiмен алмасу жөнiнде 4 ай iшiндегi алдын-ала жасалған қорытындылары тыңдалды. Халықты жұмыспен қамту бойынша заңнама жүйесiне енгiзiлiп жатқан өзгерiстерi туралы, «Нәтижелi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiкi дамыту» бағдарламаның жүзеге асырылуы жөнiнде Ақкөл ауданының халықты жұмыспен қамту Орталығының директоры Б.Х.Тәшенова таныстырып өттi, сондай-ақ, ауылдық округтерiнде енгiзiлiп жатқан жаңа үлгiдегi атаулы әлеуметтiк көмектi алуына берiлетiн құжаттарды ресiмдеу бойынша жұмыстарды ұйымдастырудың тәжiрибесiмен алмасу туралы Зерендi ауданының халықты жұмыспен қамту Орталығының маманы А.Г.Сұлтанова баяндады.

Жағдаят (тәжiрибелiк) сабақтар, тестiлеу өткiзiлдi.

  

Мақаланың шыққан күні: 11.06.2018
Қаралым саны: 247

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: social@akmo.kz