Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
11 қыркүйектен бастап борыш жүктемесін азайту бойынша азаматтарға кеңес беретін ұйымдардың тізімі ұлғаяды
11 қыркүйектен бастап борыш жүктемесін азайту бойынша азаматтарға кеңес беретін ұйымдардың тізімі ұлғаяды

11 қыркүйектен бастапқазақстандықтар борыш жүктемесiн азайту бойынша кеңестi 111 call-орталығы мен Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан басқа тағы да бiрқатар ұйымдардан бiле алатын болады.

Бүгiнгi күнiборыш жүктемесiнiң төмендеуiнеүмiткер азаматтар өз мәртебесiн келесiдей тексере алатыны белгiлi:

- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң (бұдан әрi — ҚР Еңбекминi) ресми интернет-ресурсындағы http://www.enbek.gov.kz/ru/node/363149 сiлтемесiне ЖСН енгiзiп, сұрау жiберу арқылы;

- Электрондық үкiмет порталының басты бетiнде орналасқан «Борыш жүктемесiназайту бағдарламасына қатысу үшiн мәртебенi тексеру» электрондық сервисiнiң көмегiмен. Ол үшiн ЭЦҚ қажет болады;

-ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң базасында жұмыс iстейтiн call-орталықта 111, 74-32-20, 75-01-79, 75-01-78 телефондары бойынша кеңес алу.;

- Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгiну арқылы.

11 қыркүйектен бастап қазақстандықтар мемлекет есебiнен қарыздар мен микрокредиттер бойынша берешектi өтеу мүмкiндiгi туралы кеңестi:

- облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармаларынан;

- «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры» АҚ және оның филиалдарынан;

- Облыстардағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы Еңбек, әлеуметтiк қорғау және көшi-қон комитетiнiң аумақтық департаменттерiнен ала алады

Естерiңiзге сала кетейiк, ҚР Президентiнiң 2019 жылғы 26 маусымдағы Жарлығына сәйкес борыш жүктемесiн азайту 5 санаттағы азаматтарға: көпбалалы отбасыларға; мүгедек балалары бар отбасыларға, бала кезiнен мүгедектiгi бар 18 жастан асқан азаматтарға; жалғыз асыраушысынан айрылған отбасыларға; атаулы әлеуметтiк көмек алушыларға; жетiм балаларға қарастырылған.

Бұл санаттағы азаматтар үшiн берешектi өтеу олардың қаржылық табысына байланысты емес.

Борыш жүктемесiназайту шарттары:

- тек кепiлсiз тұтынушылық қарыздар (кепiлге немесе бизнестi дамыту үшiн алынған кредиттер қарастырылмайды);

- Мемлекет негiзгi қарызды және ол бойынша есептелген сыйақыны жалпы мөлшерi 300 мың теңгеге дейiн өтейдi (қарыз мөлшерi 300 мың теңгеден асатын адамдарға, олардың борышының бiр бөлiгi 300 мың теңге мөлшерiнде өтеледi).);

- жалпы берешек ағымдағы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша 3 млн теңгеден аспауы тиiс;

- кредит банкте немесе микроқаржы ұйымында ресiмделуi тиiс (коллекторлық компанияларға берiлген қарыздар өтелуге жатпайды).

Жоғарыда көрсетiлген санаттағы азаматтардың тiзiмiн қалыптастыру орталық мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiнiң деректерi негiзiнде жүзеге асырылды (жалпы алғанда 2,289 млн бiрегей адам). Тiзiмдер ҚР Ұлттық Банкiне және Мемлекеттiк кредиттiк бюроға берiлдi.ҚР Ұлттық Банкi өз тарапынан кепiлсiз тұтынушылық несиесi жоқ, жалпы қарызы 3 млн теңгеден асатын, қарыздары коллекторлық ұйымдарға берiлген адамдарды тiзiмiнен шығарып тастады. Нәтижесiнде 506 941 борышкерден тұратын 630 633 қарыздар мен микрокредиттер бойынша берешектi өтеу жүзеге асырылатын тiзiм пайда болды.

Мемлекет тарапынан ұйымдастырылған бұл акция бiр реттiк сипатқа ие. Борыш жүктемесiн өтеу Қазақстандықтардың кредиттiк тарихтарына керi әсерiнтигiзбейдi, яғни кредитi өтелген азаматтар қаржы ұйымдарының «қара тiзiмiне» iлiнбейдi.

Мақаланың шыққан күні: 10.09.2019
Қаралым саны: 52