A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Республикалық семинар

2018 жылғы 28 мамырында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрлiгi Дүниежүзiлiк банкiмен бiрiгiп, Ақмола облысының Бурабай ауданындағы Бурабай кентiндегi «Әлем» және «Әлем +» қонақ үйлерiнде атаулы әлеуметтiк көмектi жүзеге асырудың алдын ала қорытындысы бойынша және 2018 жылдан бастап жаңа үлгiдегi атаулы әлеуметтiк көмектi енгiзу тәжiрибесiмен алмасу жөнiнде республикалық семинары өттi.

Семинар, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрлiгiнiң, Дүниежүзiлiк банкiнiң, Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасының, республиканың барлық өңiрлерiнен жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдердiң және халықты жұмыспен қамту орталықтардың қатысуымен өттi. Жалпы 111 адам қатысты.

2014 жылдан бастап 2017 жылға дейiн аралығында «Өрлеу» жобаны жүзеге асыру бойынша Дүниежүзiлiк банкiнiң кеңесшiсi К.А.Манабаева сөз сөйледi, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрлiгiнiң әлеуметтiк көмек Департаментiнiң атаулы әлеуметтiк көмектiң басқармасының басшысы А.А.Абдрахманова а.ж. 4 ай iшiндегi жаңа үлгiдегi атаулы әлеуметтiк көмектi енгiзу бойынша алдын ала қорытындысын айтты, «Әлеуметтiк көмек» ААЖ жұмыс тәртiбiн «Еңбек ресурстарын дамыту Орталығы» АҚ өкiлi А.Жақыбай түсiндiрдi. Қазақстан Республикасының әлеуметтiк көмектi бағалау жөнiнде Дүниежүзiлiк банкiнiң стандартты тетiктерiн пайдалану арқылы Дүниежүзiлiк банкiнiң халықты әлеуметтiк қорғау мәселесi жөнiнде аға маманы жобаның басшысы Катерина Петрина сөз сөйледi, дәрiс оқуды «Мемлекеттiк ануитеттiк компаниясы» АҚ баспасөз-хатшысы Ұлан Әбiшев жаңа үлгiдегi атаулы әлеуметтiк көмектi енгiзу бойынша ақпараттық-түсiндiру жұмыстарды жүзеге асыру барысының алдын-ала қорытындысы туралы сөз сөйлеп аяқтады.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрлiгiнiң, Дүниежүзiлiк банкiнiң өкiлдерiнен басқа iлеспе баяндамашы ретiнде облыстық басқармалардың, жұмыспен қамту бөлiмдерi мен халықты жұмыспен қамту орталықтардың басшыларыдәрiс оқу үшiн тартылды.

  

Мақаланың шыққан күні: 28.05.2018
Қаралым саны: 226

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: social@akmo.kz