A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету Орталықтарына жұмыс бабымен бару

Облыстық мәслихаттың әлеуметтiк мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссияның депутаттары Бурабай, Бұланды, Шортанды аудандарының арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсету Орталықтарына жұмыс бабымен ағымдағы жылдың 30 мамыр күнi iссапарға барды. Жұмыс iссапары барысында, арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсету сапасының мәселелерi қаралды, өткiзiлген ағымдағы және күрделi жөндеуiне қатысты нысандарға барылды. Шортанды ауданының Жолымбет а. арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсету Орталығының негiзiнде облыстық мәслихаттың әлеуметтiк мәселелерi жөнiнде тұрақты комиссияның отырысы өттi. Оған Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасының өкiлдерi, Шортанды ауданының Жолымбет а. және Дамса а.жұмыспен қамту Орталықтардың директорлары, жергiлiктi полиция қызметкерлерi (аудан әкiмiнiң орынбасары, Жолымбет кентiнiң әкiмi, жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң басшысы), Шортанды ауданының мәслихат депутаттары қатысты. Арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсету мәселесi жөнiнде Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасының басшысы Д.Қ.Ахметжанова, Шортанды ауданының Жолымбет а. арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсету Орталығының директоры О.С.Құрымбаев сөз сөйледi.

 

Мақаланың шыққан күні: 30.05.2018
Қаралым саны: 221

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: social@akmo.kz