Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Қазақстанда табысы аз отбасылардың кәсіпкерлік дағдыларын дамыту жобасы басталады
Қазақстанда табысы аз отбасылардың кәсіпкерлік дағдыларын дамыту жобасы басталады

Қазақстанның барлық өңiрлерiнде аз қамтылған, көп балалы және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға кәсiпкерлiк дағдыларды дамытуға және өз iсiн ашуға қолдау көрсетуге бағытталған «Менiң кәсiбiм» атты жобасы iске қосылады.

Бұл жобаны жергiлiктi атқарушы органдардың қолдауымен оның тiкелей авторы Айжани Нұрланова жүзеге асырады. Жалпы үйлестiрудi ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi жүзеге асыратын болады.

20 қыркүйекте Алматы әкiмдiгi мен "Менiң кәсiбiм" жобасының авторы Айжани Нұрланова арасында алғашқы тиiстi меморандумға қол қою жоспарлануда. Алдағы уақытта осындай меморандумдар барлық облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкiмдiктерiмен жасалатын болады.

Жоба аясында жоба авторы мұқтаж азаматтарға қажеттi мүкәммал, құрал-жабдықтар мен материалдарды ұсыну арқылы үй бизнесiн жүргiзуге көмек көрсетiледi.

Ұқсас жобаны пилоттық режимде Маңғыстау облысында Айжани Нұрланова сәттi жүзеге асырды, онда 250-ге жуық адам жеке кәсiпкерлiк жүргiзудiң негiзгi дағдыларына оқытылып, жеке iсiн ашты.

Мақаланың шыққан күні: 08.10.2019
Қаралым саны: 38