Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Борыш жүктемесін азайту мәселесі бойынша мәртебені ҚР Еңбекмині сайтынан алуға болады
Борыш жүктемесін азайту мәселесі бойынша мәртебені ҚР Еңбекмині сайтынан алуға болады

Қарыз жүктемесiнiң азаюына үмiттенген қазақстандықтар өздерiнiң мәртебесiн Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң ресми интернет-ресурсынан (бұдан әрi — ҚР Еңбекминi) тексере алады.

Ол үшiн http://www.enbek.gov.kz/ru/node/363149 сiлтемесiнен өту, ЖСН енгiзу және сұраныс жiберу жеткiлiктi. Ақпарат дереу көрсетiледi.

Бұрын хабарланғандай, қарызды азайту туралы кеңестi 111, 74-32-20, 75-01-79, 75-01-78 телефондары арқылы ҚР Еңбекминi базасында жұмыс iстейтiн байланыс орталығынан алуға болады.

ҚР Президентiнiң 2019 жылғы 26 маусымдағы Жарлығына сәйкес банктер мен микроқаржы ұйымдарында кепiлсiз тұтынушылық қарыздары бар 5 санаттағы азаматтар үшiн бiр реттiк акция тәртiбiнде мемлекет жалпы көлемi 300 мың теңгеге дейiн негiзгi борышты және ол бойынша есептелген өтемақыны төлейтiнiн еске саламыз. 300 мың теңгеден асатын қарызы барлар 300 мың теңге көлемiнде қарызының бiр бөлiгiн өтейдi. Бұл ретте, олардың жалпы қарызы ағымдағы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша 3 миллион теңгеден аспауы тиiс.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына сәйкес азаматтардың санаттары келесi: көпбалалы отбасылар; мүгедек балалары бар отбасылар, бала кезiнен мүгедектiгi бар 18 жастан асқан азаматтар; жалғыз асыраушысынан айрылған отбасылар; атаулы әлеуметтiк көмек алушылар; жетiм балалар.

Азаматтардың тiзiмi (жалпы алғанда 2,289 млн бiрегей адам) орталық мемлекеттiк органдардың (бұдан әрi — ОМО) ақпараттық жүйелерiнiң деректерiнен қалыптастырылды. Бұл тiзiм ҚР Ұлттық банкi мен Мемлекеттiк кредиттiк бюроға берiлдi. Өз кезегiнде, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi тiзiмнен: кредитi жоқ, жалпы қарызы 3 млн. теңгеден асатын, берешектерi коллекторлық ұйымдарға берiлгендердi тiзiмнен алып тастады. Нәтижесiнде 630 633 қарыздар мен микрокредиттер бойынша берешектi өтейтiн 506 941 борышкердiң тiзiмi жасалды.

Мақаланың шыққан күні: 10.09.2019
Қаралым саны: 69