Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
ҚР Еңбекмині әлеуметтік желілерде борыш жүктемесін азайту мәселелері бойынша аккаунттар ашты
ҚР Еңбекмині әлеуметтік желілерде борыш жүктемесін азайту мәселелері бойынша аккаунттар ашты

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi (бұдан әрi — ҚР Еңбекминi) Facebook пен Instagram әлеуметтiк желiлерiнде қазақстандықтардың борыш жүктемесiн азайту бойынша ең өзектi мәселелердi түсiндiру үшiн арнайы аккаунттар ашты.

Борыш жүктемесiн азайту мәселелерi бойынша азаматтардың көптеген өтiнiштерiн ескере отырып, ҚР Еңбекминi халықпен сындарлы диалог құру үшiн арнайы аккаунт-алаңдарын құрды.

Осы тақырып бойынша сұрақтары бар азаматтар өзектi ақпаратты Facebook-тегi (https://www.facebook.com/Всё-о-снижении-долговой-нагрузки-103633851027565/) және Instagram-дағы (https://www.instagram.com/p/B2O33d9Ag_U/?igshid=1a5ciudmyf0wk) «Бәрi борыш жүктемесiн азайту туралы» аккаунттарында ала алады

Бұған дейiн хабарланғандай, борыш жүктемесiнiң төмендеуiне үмiткер азаматтар өз мәртебесiн келесiдей тексере алатыны белгiлi:

- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң (бұдан әрi — ҚР Еңбекминi) ресми интернет-ресурсындағы http://www.enbek.gov.kz/ru/node/363149 сiлтемесiне ЖСН енгiзiп, сұрау жiберу арқылы;

- Электрондық үкiмет порталының басты бетiнде орналасқан «Борыш жүктемесiн азайту бағдарламасына қатысу үшiн мәртебенi тексеру» электрондық сервисiнiң көмегiмен. Ол үшiн ЭЦҚ қажет болады;

-ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң базасында жұмыс iстейтiн call-орталықта 111, 74-32-20, 75-01-79, 75-01-78 телефондары бойынша консультация алу;

- Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгiну арқылы.

11 қыркүйектен бастап қазақстандықтар мемлекет есебiнен қарыздар мен микрокредиттер бойынша берешектi өтеу мүмкiндiгi туралы консультацияны:

- облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармаларынан;

- «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры» АҚ және оның филиалдарынан;

- Облыстардағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы Еңбек, әлеуметтiк қорғау және көшi-қон комитетiнiң аумақтық департаменттерiнен ала алады.

Мақаланың шыққан күні: 11.09.2019
Қаралым саны: 54