Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Еңбекминi қазақстандықтарға АӘК тағайындауға өтiнiштi egov.kz арқылы берудi ұсынды
Еңбекминi қазақстандықтарға АӘК тағайындауға өтiнiштi egov.kz арқылы берудi ұсынды

Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi мемлекеттiк инстанцияларда адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу және азаматтардың коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупiн азайту мақсатында қазақстандықтарға ағымдағы жылғы 1 шiлдеден бастап атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау үшiн egov.kz электрондық үкiмет порталы арқылы жүгiнудi ұсынады, — деп хабарлайды Egemen.kz.

Әкiмдiктер мен халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгiнетiн азаматтар үшiн алфавиттiк тәртiппен өтiнiш беру графигi көзделедi. Халықтың жаппай шоғырлануын болдырмау үшiн Еңбекминi мемлекеттiк инстанцияларға тиiстi ұсыныс бердi.

Сондай-ақ III тоқсанда АӘК тағайындау мерзiмi ұзартылмайды. Айта кетейiк, I тоқсандағы атаулы әлеуметтiк көмек алушыларға сол кезде төтенше жағдай режимiнiң әрекет етуiне байланысты төлемдер тағайындау мерзiмi ұзартылған болатын.

Елiмiздiң барлық өңiрiнде АӘК көрсетудiң жаңа тетiгiн iске асыру шеңберiнде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейiнгi балаларын кепiлдiк берiлген әлеуметтiк топтамамен (бұдан әрi — әлеуметтiк топтама) қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.

Ағымдағы жылдың 5 айында алушылардың жалпы саны 122,3 мың отбасын немесе 629,9 мың адамды құрады.

1 жастан 6 жасқа дейiнгi балаларға арналған әлеуметтiк топтама азық-түлiк жиынтығын және тұрмыстық химия тауарларының жиынтығын қамтиды. 6 жастан 18 жасқа дейiнгi балалар үшiн мектептерде ыстық тамақ, оқу құралдары мен мектеп киiмдерiн беру көзделедi. Сондай-ақ, осы санаттағы балалар үшiн мектепке дейiн жол жүру ақысы өтелетiн болады.

Азық-түлiк жиынтығы балалардың жас санатына байланысты құрамы бойынша ерекшеленедi: 1-ден 3 жасқа дейiн және 3-тен 6 жасқа дейiн, бiрақ өңiрге қарамастан әлеуметтiк топтаманың құрамы бiрдей болады. Жинақтардың құрамы физиологиялық ерекшелiктердi, азық-түлiктiң тағамдық және энергетикалық құндылығының арақатынасын және жасына сәйкес оларды пайдалану нормаларын ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлiгiнiң ұсынымдары негiзiнде қалыптастырылды. Өнiмдер дәруменделген, бұл өсiп келе жатқан организмдегi дәрумендердiң жетiспеушiлiгiн толықтыруға мүмкiндiк бередi.

https://egemen.kz/article/239787-enhbekmini-qazaqstandyqtargha-aak-taghayyndaugha-otinishti-egovkz-arqyly-berudi 

Мақаланың шыққан күні: 22.06.2020
Қаралым саны: 272