Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
«Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік қызметкер» конкурсы
«Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік қызметкер» конкурсы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi жыл сайынғы «Әлеуметтiк қорғау жүйесi қызметкерлерiнiң күнi» кәсiби мерекеciн атап өту мақсатында «Әлеуметтiк қорғау жүйесiндегi үздiк қызметкер» конкурсын (бұдан әрi — Конкурс) өткiзудi жоспарлап отыр.

Конкурс тоғыз аталым бойынша 2 кезеңде өтедi:

- «Зейнетақы жүйесiнiң үздiк қызметкерi» аталымы;

- «Әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң үздiк қызметкерi» аталымы;

- «Үздiк әлеуметтiк қызметкер» аталымы;

- «Үздiк медициналық-әлеуметтiк мекеме» аталымы;

- «Үздiк әлеуметтiк үкiметтiк емес ұйым» аталымы;

- «Жұмыспен қамту орталығының үздiк қызметкерi» аталымы;

- «Әлеуметтiк саладағы үздiк менеджер-ұйымдастырушы» аталымы;

- «Медициналық-әлеуметтiк сараптаманың үздiк қызметкерi» аталымы;

- «Үздiк мемлекеттiк еңбек инспекторы» аталымы.

Бiрiншi кезең (iрiктеу) ағымдағы жылдың 15 тамызынын 15 қыркүйегiне дейiн өткiзiледi.

Екiншi кезең (шешушi) ағымдағы жылдың 16 қыркүйегi мен 20 қазан аралығында республикалық деңгейде өтедi

Бұл ретте, халықты әлеуметтiк қорғау жүйесiндегi ең үздiк тәжiрибелер мен практикалар туралы қоғамда оң қарым-қатынас қалыптастыру және жұртшылықты ақпараттандыру үшiн ағымдағы жылғы 16 қыркүйек пен 10 қазан аралығында ҚР Еңбекминiнiң сайтында онлайн дауыс беру өткiзiлетiн болады, қазанның 11 — 20 күндерi конкурстың жинау жөнiндегi республикалық комиссияның жұмысы.

Конкурсқа қатысу үшiн әдiстемелiк ұсыныстарға сәйкес нысан бойынша өтiнiм және құжаттар ұсынылады. Конкурсқа құжаттар мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде ұсынылады.

Сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 29 86 17.

Мақаланың шыққан күні: 06.09.2019
Қаралым саны: 74