Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Egov.kz жеке кабинетінде еңбек шарты туралы ақпарат қолжетімді болды
Egov.kz жеке кабинетінде еңбек шарты туралы ақпарат қолжетімді болды

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бiрлесiп, электрондық үкiметтiң жеке кабинетiнде еңбек шарты туралы ақпаратты көрсету функционалын енгiздi. (egov.kz).

Ендi әрбiр адам жеке кабинетке кiре отырып, ағымдағы еңбек шарты туралы ақпаратты «еңбек қызметi» бөлiмiнде тексере алады, онда кәсiпорынның атауы, жасалған күнi, шарттың нөмiрi және лауазымы көрсетiлген. Жеке кабинетте ҚР Еңбекминi әзiрлеген электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бiрыңғай жүйесiнде тiркелген шарттар бойынша ғана деректер берiлгенiн атап өту қажет.

Өткен жылдан бастап Қазақстанда пилоттық режимде жұмыс берушiлер мен жұмысшылар арасындағы еңбек қатынастары туралы мәлiметтердi сақтайтын «Электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бiрыңғай жүйесi» жобасы iске қосылғанын еске саламыз. Бүгiнгi таңда жүйеде 18 мыңнан астам кәсiпорын және 793 мың еңбек шарты тiркелген. Бұл жобаның басты артықшылығы — қағаз құжаттарын жинаудың қажет болмауына байланысты жұмысқа орналасу процесiн жеңiлдету, шарттың қорларға жарналардың бар екенiн көрсету, сондай-ақ жұмыс берушiнiң қызметкер алдындағы мiндеттемелерiн белгiлеу арқылы әлеуметтiк тәуекелдерден қорғауы болып табылады.

Мақаланың шыққан күні: 22.10.2019
Қаралым саны: 67