Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Электрондық форматтағы мемлекеттiк қызметтер
Электрондық форматтағы мемлекеттiк қызметтер

Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына жолдауында: «бiз мемлекеттiк қызмет көрсету аясында мемлекеттiк қызметшiлердiң халықпен тiкелей байланысын азайтуға ұмтылуымыз керек. Жалпы, 2019 жылы 80%, ал 2020 жылы мемлекеттiк қызметтердiң кем дегенде 90%-ы электрондық форматқа көшiрiлуi керек».

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсiбi министрлiгiнiң 31.01.2020 ж. 39/НҚ бұйрығымен бекiтiлген мемлекеттiк қызметтер тiзiлiмiне сәйкес қазiргi уақытта әлеуметтiк және еңбек саласындағы 18 мемлекеттiк қызметтерден 12 қызметтi электрондық форматта ұсыну қарастырылуда:

1)Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж

азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау;

2)Мүгедектердi санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету;

3)Мүгедектердi сурдо-тифлотехникалық және мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету;

4)Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу;

5)Жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектерге жеке көмекшiнiң және есту кемiстiгi бар мүгедектерге ымдау тiлi маманының қызметтерiн ұсыну үшiн мүгедектерге құжаттарды ресiмдеу;

6)Мүгедектерге кресло-арбалар беру;

7)Тұрғын үй көмегiн тағайындау;

8)Өтiнiш берушiнiң (отбасының) атаулы әлеуметтiк көмек алушыларға тиесiлiгiн растайтын анықтама беру;

9)Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу;

10)Жұмыс iздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарға жәрдемдесу;

11)Жұмыссыз ретiнде тiркелгендiгi туралы анықтама беру;

12)Жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту.

Мемлекеттiк қызметтердi электрондық түрде алудың артықшылықтары:

- қызметтердi алуға байланысты ақпарат алуға қол жетiмдiлiк;

- мемлекеттiк қызметтердi алу процедураларын жеңiлдету;

- қызметтердi алуға байланысты уақыт шығындарын азайту;

- азаматты оның өтiнiшi бойынша жұмыстың әр кезеңiнде хабардар ету;

- үйден немесе жұмыс компьютерiнен мемлекеттiк қызметтердi алуға өтiнiш беру мүмкiндiгi;

- электрондық құжат айналымы жүйесiн енгiзуге байланысты бюрократиялық кiдiрiстердi жою.

Осы мемлекеттiк қызметтердi электрондық түрде алу үшiн Сiз «электрондық үкiметтiң» (www.egov.kz) веб-порталына тiркелуiңiз керек. Мемлекеттiк қызметтi алудың маңызды шарты қызмет алушының жарамды электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы болып табылады.

Электрондық мемлекеттiк қызметтердi көрсету нәтижесi көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке кабинетiнде «электрондық үкiмет» веб-порталында көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi лауазымды тұлғасының электрондық қолымен қол қойылған электрондық құжат түрiнде келiп түсетiн электрондық нысанда ұсынылады.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету процесiн автоматтандыру уақытты тиiмдi пайдалануға және көрсетiлетiн қызметтi берушiмен жеке қарым-қатынас кезiнде туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн азайтуға бағытталғанын атап өткен жөн.

Мақаланың шыққан күні: 14.05.2020
Қаралым саны: 67