Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Мүмкiндiгi шектеулi адамдарға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер
Мүмкiндiгi шектеулi адамдарға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер

Барлық қоғам мүшелерiне және соның iшiнде мүгедектерге, қызмет алуға және обьектiлерге қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, БҰҰ «Мүгедектердiң құқықтары туралы» конвенциясын iске асыру шараларының ең маңызды жолдарының бiрi болып табылады.

Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасы және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiмен мүгедектердi протездiк-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық, мiндеттi гигиеналық құралдар және арнаулы жылжитын құралдармен (мүгедектiң кресло-арбалармен) қамтамасыз ету бойынша жұмыстары жүргiзiледi. Одан басқа, санаторий-курорттық емделу және жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектер үшiн жеке көмекшiнiң және естуi бойынша мүгедектер үшiн ымдау тiлi маманының қызметтерi ұсынылады.

Жоғарыда көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердi көрсету оңалтудың жеке жоспары негiзiнде жүзеге асырылады.

Аталған мемлекеттiк қызметтi алуға өтiнiштi «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы арқылы немесе жеке басын куәландыратын құжатты (сәйкестендiру үшiн) бiрге ала жүрiп, тiкелей жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiне (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) беруге болады.

Тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын, мүгедектiгi туралы, оңалтудың жеке бағдарламасында әзiрленген iс-шаралар туралы, мүгедектiкке алып келген өндiрiстегi жазатайым оқиға туралы, кiнәсынан еңбек жарақатын алған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан жұмыс берушi-жеке кәсiпкер қызметiнiң тоқтатылғаны немесе заңды тұлғаның таратылғаны туралы мәлiметтердi көрсетiлетiн қызметтi берушi, Мемлекеттiк корпорация уәкiлеттi лауазымды адамдардың электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

Ақпараттық жүйелерде көрсетiлетiн қызметтi алушының мәлiметтерi болмаған жағдайда өтiнiшке қағаз жеткiзгiшпен тиiстi құжаттар қоса берiледi.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектерi және жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдар өтiнiшке Ұлы Отан соғысы қатысушысының, мүгедегiнiң немесе жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедегiне теңестiрiлген адамның куәлiгiн қоса бередi.

Құжаттар салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларда және көшiрмелерде ұсынылады, кейiннен құжаттардың түпнұсқалары көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарылады.

Құжаттар топтамасына сәйкес болған жағдайда жұмыспен қамту бөлiмдерi құжаттарды қабылдаған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге жеке көмекшiнiң қызметтерiн ұсынуға құжаттарды ресiмделгенi туралы хабарламаны жiбередi

Мемлекеттiк қызметтi ұсыну саласындағы толық түсiнiктемелердi алу үшiн, байланыс телефоны 8 (7162) 298611, 298615 «жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi», немесе «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы КЕ АҚ Ақмола облысы бойынша филиалы «ХҚКО» жүгiне аласыз.

Мақаланың шыққан күні: 14.05.2020
Қаралым саны: 59