Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Азаматтық хал актiлерiн тiркеу саласындағы электрондық форматтағы мемлекеттiк қызметтер
Азаматтық хал актiлерiн тiркеу саласындағы электрондық форматтағы мемлекеттiк қызметтер

Қазақстан Республикасының Президентi мемлекет дамуының басты көрiнiсi ретiнде «Электрондық үкiмет» порталы арқылы халыққа мемлекеттiк қызметтiң сапасын арттыруды белгiледi.

Мемлекеттiк қызмет көрсетiлетiн қызметтi алушылардың өтiнiштерi бойынша жеке тәртiбiнде жүзеге асырылатын және олардың құқығын, еркiндiгiн және заңды мүдделерiн iске асыруға бағытталған мемлекеттiк қызметтi iске асырудың бiр нысаны.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қазiргi уақытта көрсету тәртiбiн реттейтiн мемлекеттiк қызметтер көрсету ережелерi әзiрленедi және бекiтiледi.

Мемлекеттiк қызметтер ақылы және тегiн түрде көрсетiледi.

«Электрондық үкiмет» веб-порталы электронық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк және басқа қызметтерге нормативтiк-құқықтық базаны қосқанда, барлық шоғырландырылған мемлекеттiк ақпаратқа рұқсат берудiң «бiр терезе» арқылы ұсынылатын ақпараттық жүйесi болып табылады. «Электрондық үкiметтiң» шлюзы «электрондық үкiмет» шеңберiнде мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ақпараттық жүйелердi бiрiктiруге арналған ақпараттық жүйесi болып табылады.

«Электрондық үкiметтiң» төлемдiк шлюзы электрондық нысанда көрсетiлетiн ақылы қызметтер көрсету шеңберiнде төлемдер өткiзу туралы ақпаратты беру процесiн автоматтандыратын ақпараттық жүйесi болып табылады.

Электрондық нысандағы мемлекеттiк қызметтер келесi жағдайларды сақтау кезде «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы көрсетiледi: мемлекеттiк қызмет алушыда электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы тиiс; мемлекеттiк қызмет алушы «электрондық үкiмет» веб-порталын қолданушы ретiнде тiркелуден өтуi тиiс.

Электрондық нысандағы мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi электрондық құжатты немесе қағаз жеткiзгiштегi құжатты не «электрондық үкiмет» ақпараттық жүйесiнен мәлiметтердi беру болып табылады.

Мемлекеттiк қызметтердi электрондық түрде алудың артықшылықтары:

- қызметтердi алуға байланысты ақпарат алуға қол жетiмдiлiк;

- мемлекеттiк қызметтердi алу процедураларын жеңiлдету;

- қызметтердi алуға байланысты уақыт шығындарын азайту;

- азаматты оның өтiнiшi бойынша жұмыстың әр кезеңiнде хабардар ету;

- үйден немесе жұмыс компьютерiнен мемлекеттiк қызметтердi алуға өтiнiш беру мүмкiндiгi;

- электрондық құжат айналымы жүйесiн енгiзуге байланысты бюрократиялық кiдiрiстердi жою.

- көрсетiлетiн қызметтi берушiмен жеке әңгiмелесу кезде туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн төмендету.

Бүгiнгi таңда азаматтық хал актiлерiн тiркеу саласындағы электрондық қызметтер деңгейi жоғары, 8 қызмет бойынша баламалы түрде «электрондық үкiмет» www. egov.kz веб-порталы арқылы өтiнiш беру қарастырылады.

Осындай қызметтерге жатады:

1) баланың тууын тiркеу;

2) неке қиюды тiркеу;

3) қайта куәлiктер беру;

4) ТАӘ ауыстыру;

5) азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларын қалпына келтiру;

6) қайтыс болуды тiркеу;

7) некенi бұзуды тiркеу;

8) азаматтық хал актiлерi жазбаларының күшiн жою.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты «электрондық үкiмет» веб-порталындағы «жеке кабинетi» арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша бiрыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкiндiгi бар.

Веб-порталда мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетiлетiн қызметтi алушыға «жеке кабинетiне» жолданады.

Мақаланың шыққан күні: 14.05.2020
Қаралым саны: 55