Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
«Азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларын қалпына келтiру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет
«Азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларын қалпына келтiру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет

Азаматтық хал актiлерi жазбаларын қалпына келтiру «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-IV Кодексiнiң 184-бабымен реттеледi.

Азаматтық хал актiлерi жазбаларын қалпына келтiру тиiстi жазбаның бұрын болғанын растайтын құжаттар болған кезде немесе мемлекеттiк тiркеу орны мен уақытын көрсете отырып, акт жазбасын қалпына келтiру туралы сот шешiмiнiң негiзiнде жүргiзiледi.

Құжаттарды қалпына келтiру үшiн қайда жүгiну керек?

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет азаматтық хал актiлерiн тiркеу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының тиiстi бөлiмшелерiмен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру:

көрсетiлетiн қызметтi берушi;

кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi;

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны;

«электрондық үкiметтiң» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

Қажеттi құжаттар

«Азаматтық хал актiлерi жазбаларын қалпына келтiру» Мемлекеттiк қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес мемлекеттiк қызметтердi көрсету үшiн мыналарды ұсыну қажет:

1) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысандағы акт жазбасын қалпына келтiру туралы өтiнiш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендiру үшiн);

3) азаматтық хал актiлерiн тiркеу кiтаптарында актi жазбасының жоқтығы туралы, жоғалтылған жазба болған жер бойынша облыстық (қалалық) азаматтық хал актiлерiн жазу мұрағатының анықтамасы;

4) көрсетiлетiн қызметтi алушы және оның жақын туыстары (ата-анасы, балалары, аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi мен қарындастары) туралы деректер толық көрсетiлген өмiрбаян;

5) еңбек кiтапшасының көшiрмесi не Еңбек кодексiне сәйкес еңбек қызметiн растайтын басқа құжат, егер көрсетiлетiн қызметтi алушы студент болса — оқу орнынан туған күнi мен жерi көрсетiлген анықтама (бар болса);

6) егер көрсетiлетiн қызметтi алушы әскери мiндеттi болса, әскери билеттiң көшiрмесi (бар болса);

7) көрсетiлетiн қызметтi алушының 3*4 см. мөлшердегi екi фотосуретi;

8) мемлекеттiк бажды бюджетке төлегенiн растайтын құжат немесе салық жеңiлдiктерiн беруге негiз болып табылатын құжат.

Қосымша мынадай құжаттардың көшiрмелерi ұсынылады (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейiн жүргiзiлген азаматтық хал актiлерi жазбаларын мемлекеттiк тiркеу жағдайларынан басқа):

9) егер некеде (ерлi-зайыптылықта) тұрған болса, неке қию (ерлi-зайыптылық) туралы куәлiгiнiң көшiрмесi;

10) балалары бар болса, балаларының туу туралы куәлiктерiнiң көшiрмелерi;

11) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендiру үшiн) не ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәлiктiң көшiрмесi;

12) ата-анасының неке қию (ерлi-зайыптылық) туралы куәлiгiнiң көшiрмесi (бар болса);

13) көрсетiлетiн қызметтi алушының өкiлi жүгiнген жағдайда нотариалды куәландырылған сенiмхат;

14) егер көрсетiлетiн қызметтi алушы зейнеткер болса, зейнеткер куәлiгiнiң көшiрмесi ұсынылады.

Заңды күшiне енген сот шешiмi негiзiнде мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушы мыналарды ұсынады:

1) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы сот шешiмi негiзiнде акт жазбасын қалпына келтiру туралы өтiнiш;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке куәлiгi (жеке басын сәйкестендiру үшiн);

3) мемлекеттiк тiркеу орны мен уақыты көрсетiлген актiлiк жазбаны қалпына келтiру туралы соттың заңды күшiне енген шешiмi.

Оралмандар Қазақстан Республикасына заңды көшiп келгенi туралы және олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы өтiнiшхаттары туралы iшкi iстер органдары берген құжаттарды қосымша тапсырады.

Азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларын қалпына келтiру үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларын қалпына келтiруге қажеттi мәлiметтердi растайтын құжаттарды (жұмыс немесе оқу орнынан анықтама, бiлiмi туралы құжаттар, мемлекеттiк мұрағаттардың анықтамалары) ұсынады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, сондай-ақ егер тiркеу Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейiн жүргiзiлген болса, азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктер туралы мәлiметтер, көрсетiлетiн қызметтi берушi және Мемлекеттiк корпорация қызметкерi "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Порталға жүгiнген кезде келесi құжаттар ұсынылады:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған немесе порталдың есептiк жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған, көрсетiлетiн қызметтi алушының абоненттiк нөмiрi қосылған және тiркелген жағдайда, бiр рет қолданатын парольмен куәландырылған электрондық өтiнiш;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушы және оның жақын туыстары (ата-анасы, балалары, аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi мен қарындастары) туралы деректер толық көрсетiлген өмiрбаян;

3) еңбек кiтапшасының электронды көшiрмесi не Еңбек кодексiне сәйкес еңбек қызметiн растайтын басқа құжат, егер көрсетiлетiн қызметтi алушы студент болса — оқу орнынан туған күнi мен жерi көрсетiлген анықтама (бар болса);

4) егер көрсетiлетiн қызметтi алушы әскери мiндеттi болса, әскери билеттiң электронды көшiрмесi (бар болса);

5) көрсетiлетiн қызметтi алушының 3*4 см. мөлшердегi екi фотосуретi;

6) егер көрсетiлетiн қызметтi алушы зейнеткер болса, зейнеткер куәлiгiнiң электрондық көшiрмесi ұсынылады.

Порталда электрондық өтiнiштi қабылдау көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнде" жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған, құжаттардың электрондық көшiрмелерi түрiнде ұсынылады.

Өтiнiмдердi өңдеу мерзiмi

«Азаматтық хал актiлерi жазбаларын қалпына келтiру» мемлекеттiк қызмет стандартының 4-тармағына сәйкес мемлекеттiк қызметтердi көрсету мерзiмi:

1) құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге немесе Мемлекеттiк корпорацияға — «АХАЖ» Тiркеу пунктi ақпараттық жүйесiнде акт жазбаларының электрондық нұсқалары болған кезде — 7 (жетi) жұмыс күнi (қабылданған күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi), басқа мемлекеттiк органдарға сұрау салу және қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған кезде — көрсетiлетiн қызметтi алушыны қарау мерзiмi ұзартылған кезден бастап күнтiзбелiк 3 (үш) күн iшiнде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

порталда — азаматтық хал акт жазбасын қалпына келтiру күнiн тағайындау туралы хабарламаны алу — 1 (бiр) жұмыс күнi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi:

жеке басын куәландыратын құжатты көрсету кезiнде азаматтық хал актiсiн мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк не мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының 10-тармағында көзделген негiздер бойынша және жағдайда мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткiзгiштегi дәлелдi жауап.

Порталда көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" қызмет берушiнiң уәкiлеттi адамының электронды цифрлы қолтаңбасымен (бұдан әрi — ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында электрондық өтiнiштiң қабылданғаны және азаматтық хал акт жазбасын қалпына келтiру күнiнiң тағайындалғаны туралы хабарлама не мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының 10-тармағында көзделген негiздер бойынша және жағдайларда мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы электронды құжат нысанындағы дәлелдi жауап жолданады.

Қызмет төлемi:

Қызмет құны: 0,5 АЕК.

Азаматтық хал актiлерiн тiркеген кезде мыналар растайтын құжаттарын көрсеткен кезде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады:

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi және жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым — 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектiң, мүгедек баланың ата-анасының бiрi, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттiк ұйымдар — туу туралы куәлiктер тiркелгенi және қайтадан берiлгенi үшiн;

2) жеке тұлғалар — азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты азаматтық хал актiлерiнiң жазбалары өзгертiлген, толықтырылған, қалпына келтiрiлген және түзетiлген кезде өздерiне куәлiктер берiлгенi үшiн.

Мемлекеттiк баж мөлшерi мен төленген күнiн растайтын төлем құжатын беретiн банк мекемелерi арқылы төленедi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге электрондық сұрау салуды портал арқылы берген кезде төлем "электрондық үкiметтiң" төлем шлюзi арқылы жүргiзiледi.

Мақаланың шыққан күні: 14.05.2020
Қаралым саны: 56