Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Бірыңғай жиынтық төлем
Бірыңғай жиынтық төлем

Ағымдағы жылдан бастап өзiн-өзi жұмыспен қамтыған азаматтар үшiн бiрыңғай жиынтық төлемдi (БЖТ) төлеу бойынша жұмыс жүргiзiлуде. Астана, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда бiр айлық есептiк көрсеткiш (АЕК) мөлшерiнде 2525 теңге және елдi мекендер үшiн 0,5 АЕК (1263 теңге) құрайды.

Бiрыңғай төлемдi табыс алу мақсатында қызметiн жүзеге асыратын жеке тұлғалар төлей алады, яғни басқа жеке тұлғаларға қызмет көрсетушiлер. Бұл ретте олар мынадай шарттарды сақтауға тиiс:

жалдамалы қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланбау;

табыс табу мақсатында жеке тұлғаларға қызмет көрсететiн азаматтар (күтушiлер, репетиторлар және т. б.);

жеке тұлғаларға ауыл шаруашылық өнiмдерiн тұтыну үшiн жеке қосалқы шаруашылықты пайдалану;

жыл iшiндегi табыс 2,9 млн. теңгеден аспайды.

Бiрыңғай жиынтық төлем сомасын Мемлекеттiк корпорация мынадай пропорцияда бөледi:

- 10% — жеке табыс салығы (ЖТС);

- 20% — әлеуметтiк аударымдар (ӘА);

- 30% — мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ);

- 40% — мiндеттi медициналық сақтандыруға аударымдар (МӘМС).

 

Мақаланың шыққан күні: 12.08.2019
Қаралым саны: 48