Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Еңбек министрлігінің egov.kz порталындағы тағы бір қызмет sms арқылы қолжетімді болды
Еңбек министрлігінің egov.kz порталындағы тағы бір қызмет sms арқылы қолжетімді болды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi электрондық үкiмет порталындағы тағы бiр қызметтi алуды жеңiлдеттi. Ендi мүгедектiктiң болуы туралы ақпаратты растауды алу электрондық цифрлық қолтаңбасыз (бұдан әрi-ЭЦҚ) sms — хабарлама арқылы алу мүмкiн болып отыр.

Алдымен eGov.kz. порталына тiркелу керек, оның төрт тәсiлi бар. Бiрiншi — тiркелген логин мен пароль арқылы. Екiншi — электрондық цифрлық қолтаңба арқылы. Үшiншi — SIM-картаға бекiтiлген ЭЦҚ арқылы, ал соңғысы — бiр реттiк пароль арқылы. «Қызметтер» қосымшасында тiркелгеннен кейiн «әлеуметтiк қамтамасыз етудi» таңдау қажет, одан әрi ұсынылған тiзiмде «мүгедектiктi растау туралы анықтама алу» батырмасын басып, қызметке онлайн тапсырыс беру қажет. Жаңа терезеде пайдаланушының ЖСН мен келесi тармаққа өту ұсынысы экранға автоматты түрде шығады.

Екiншi қадам кезеңiнде сұраныстың ендi екi түрлi нұсқасы бар. Олардың бiреуi ЭЦҚ арқылы, ал екiншiсi — бiр реттiк sms-пароль арқылы жүргiзiледi.

Ұялы нөмiрге келген кодты ұсынылған жолға енгiзу қажет. Содан кейiн үшiншi қорытынды қадамға көшу — сұрау салу нәтижесi жүзеге асырылады. Экранда қызметтiң мәртебесi мен мерзiмi туралы ақпарат пайда болады.

Содан кейiн eGov.kz-тағы жеке кабинет арқылы сұратылған деректердiң дайындығы туралы ақпаратты алу үшiн кiрiс хабарламаларына өту қажет.

Бұл қызметтi sms-код арқылы алу үшiн мобильдi азаматтар базасында тiркелу маңызды. Бұл үшiн ХҚКО-ға немесе оны eGov.kz-тегi жеке кабинетте өз бетiнше жасауға болады.

2019 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша Қазақстанда мүгедектiгi бар 690 мың адам бар, оның 61,5% — еңбекке жарамды жастағы адамдар, 25,6% — зейнеткерлiкке шыққандар, 12,9% — 18 жасқа дейiнгi балалар.

Естерiңiзге сала кетейiк, 2020 жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi көрсететiн қызметтердiң 90%-ын электрондық форматқа көшiрудi жоспарлап отыр. Электрондық мемлекеттiк қызметтер 2017 жылғы желтоқсанда қабылданған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасының ажырамас бөлiгi болып табылады. Бүгiнгi күнi республикада процестердi цифрландыру ерекше бақылауда.

Мақаланың шыққан күні: 11.09.2019
Қаралым саны: 41