Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
ЕНДІ МЕКЕНЖАЙ АНЫҚТАМАСЫ 2019 ЖЫЛДЫҢ 1 ҚАРАШАСЫНАН БАСТАП СҰРАТЫЛМАЙДЫ
ЕНДІ МЕКЕНЖАЙ АНЫҚТАМАСЫ 2019 ЖЫЛДЫҢ 1 ҚАРАШАСЫНАН БАСТАП СҰРАТЫЛМАЙДЫ

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қыркүйектегi №983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2019 жылғы 30 қыркүйектегi №726 қаулысына сәйкес, «Тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi 2019 жылдың 1 қарашасынан бастап алынып тасталады.

Яғни, түрлi ұйымдар: мектептер, ауруханалар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, елшiлiк пен консулдықтар, трансұлттық компаниялар, халықаралық ұйымдар — Қазақстан Республикасының азаматтарынан тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамасын қандай да болмасын жағдайда талап етпеуi тиiс.

Мекенжай анықтамасын Мемлекеттiк корпорация филиалы арқылы да, электрондық үкiмет порталы (бұдан әрi — портал) арқылы да алуға болмайды.

Қажеттiлiгiне қарай, көрсетiлетiн қызметтi алушылар өзiнiң тiркелген жерiн ЭҮП-ғы жеке кабинетiнде немесе eGOV mobile қосымшасы арқылы тексеруiне болады.

Сонымен қатар, мемлекеттiк органдарда өзiнiң ақпараттық жүйесi арқылы осы ақпаратқа қол жетiмдiлiгi бар.

Бұл жағдайда, азаматтың тiркелгенi туралы ақпарат қажет болған жағдайда басқа ұйымдар, сонымен қатар жеке компаниялар оны ЭҮП-ғы үшiншi тұлғалармен анықтамаларды алудың сервисi арқылы ала алады. Ол, жеке тұлға өзiнiң мекенжайы туралы ақпаратты бiр реттiк алуға келiсiмiн SMS арқылы жолдаған жағдайда мүмкiн болады.

Мобильдi азаматтар базасында тiркелу, көрсетiлетiн қызметтi алушының телефонында SMS алу үшiн мiндеттi шарт болып табылатынын атап өту қажет.

Өз кезегiнде, мобильдi азаматтар базасына тiркелудi өз бетiнше iске асыруға болады (ЭҮП «жеке кабинетте», «телефон» тарауында телефон нөмiрiн көрсету/ауыстыру және ЭЦҚ растау), немесе кез келген жақын жердегi фронт-офиске өтiнiш бiлдiру қажет.

Облыс әкiмi аппаратының
Мемлекеттiк қызметтердiң
ұсынылуын талдау бөлiмi

Мақаланың шыққан күні: 24.10.2019
Қаралым саны: 55