Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Ақмола облысында 916 отбасына АӘК төлеу тоқтатылды
Ақмола облысында 916 отбасына АӘК төлеу тоқтатылды

Ақмола облысында табысын жасыруына байланысты 135 отбасына атаулы әлеуметтiк көмек ( бұдан әрi — АӘК) төлеу тоқтатылды, 32 млн теңге қайтарылуы тиiс. Бүгiнгi күнi 63 отбасы бюджетке 8,6 млн теңге қайтарды, 1040 отбасына қайта есептеу жүргiзiлуде.

Ақмола облысында жыл басынан бастап АӘК тағайындауға 9 мыңнан астам өтiнiш қабылданды, әлеуметтiк көмектi 8,5 мың отбасы немесе 41 мың 639 адам, оның iшiнде 3 мың 67 көп балалы отбасы алды.

АӘК төлеуге 4,1 млрд теңге көзделген, оның 2,5 млрд теңгесi төлендi.

Кiрiстерiнiң жасырылуына байланысты 135 отбасына АӘК төлемдерi тоқтатылды және 32 млн теңге қайтарылуы тиiс, сондай-ақ 781 отбасының ағымдағы жылдың екiншi тоқсанында табысы өстi. Бүгiнгi күнi 63 отбасы бюджетке 8,6 млн теңге қайтарды (толығымен: 44 отбасы — 6,8 млн теңге; iшiнара: 19 отбасы — 1,8 млн теңге). «Е-Халық» жүйесiнде 1 мың 40 отбасына қайта есептеу жүргiзiлдi. Сондай-ақ, табыстың алшақтығы фактiлерi бойынша мән-жайлар анықталғанға дейiн 76 отбасына атаулы әлеуметтiк көмек төлеу тоқтатылды.

АӘК тағайындау кезiнде ең көп таралған бұзушылық жеке кәсiптерi, шаруа қожалықтары және қымбат жылжымайтын мүлiк объектiлерi бар азаматтардың нақты табыстарын жасыруы болып табылады.

«Көкшетау қаласының көпбалалы отбасына а.ж. мамыр айында 1 млн 151 мың теңге көлемiнде АӘК тағайындалды, оның нақты 192 мың теңгесi төлендi. Жұмыс тобының жеке кәсiпкерлiгi бар әлеуметтiк көмек алушыларға шығуы барысында аталған отбасы жалпы ауданы 100 шаршы метрден асатын салынып жатқан екi қабатты үйде тұратындығы анықталды. Отбасының материалдық жағдайы жақсы, отағасы жеке кәсiпкер болып табылады. АӘК тағайындаған кезде 1 тоқсанда 259 мың 54 теңге табыс түстi деп көрсеткен. Әлеуметтiк көмек алудың заңдылығына тексерiс жүргiзу кезiнде 2018 жылғы табысы 22 млн теңгенi құрады, осы жайт тексеруге себеп болды. Кездесу барысында жұмыс тобының мүшелерi табысты жасыру салдары туралы түсiнiктеме бердi. Мониторингтен кейiн отбасы АӘК-тен өз еркiмен бас тартып, 192 мың теңге көлемiнде бұрын алған ақшаны қайтарып бердi», — деп хабарлады Ақмола облысының Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының басшысы Дина Ахметжанова.

Дина Ахметжанованың мәлiметiнше, осындай фактiлер Ақмола облысының басқа аудандарында да орын алған. Сонымен қатар, әлеуметтiк көмектi заңсыз жолмен алу мақсатында өңiрдiң кейбiр тұрғындары нақты тұратын мекен-жайын немесе уақытша тiркелген мекенжайын жасыруға тырысқан.

Естерiңiзге сала кетейiк, АӘК тағайындау мен төлеудiң дұрыстығын мониторингтеу нәтижесiнде 73 мыңнан астам атаулы әлеуметтiк көмек алушы табысы туралы жалған ақпарат бергенi анықталды.

Осыған байланысты Министрлiк Әкiмдiктермен бiрлесе отырып, әрбiр анықталған фактi бойынша, бұзушылықтарға жол бермеу және «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы» ҚР Заңын бұза отырып тағайындалған төлемдердi қайта қарау бойынша жеке-жеке жұмыс жүргiзуде. Бұл бағыттағы жұмыс жалғастырылуда.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 7 қазанда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Бiржан Нұрымбетов ҚР Үкiметiнiң отырысында 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап мұқтаж азаматтарға атаулы әлеуметтiк көмек қалай көрсетiлетiнiн айтқан болатын.

«Ең басты принцип — мемлекет көмекке мұқтаж адамдарға, әсiресе балалар мен көпбалалы отбасыларға көмектеседi! Еңбекке қабiлеттi азаматтар жұмыс iстеуi керек. Мемлекет жұмысқа орналасуға немесе шағын бизнеспен айналысуға көмектеседi. Мемлекеттiк көмекке — көпбалалы отбасыларды қолдау, табысы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтiк көмек көрсету, табысы аз отбасылардағы балаларға кепiлдендiрiлген әлеуметтiк пакетi кiредi», — дедi Бiржан Нұрымбетов.

Министрдiң айтуынша, көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету республикалық бюджеттен мемлекеттiк жәрдемақылар енгiзу арқылы қамтамасыз етiлетiн болады. Бұл мемлекеттiк жәрдемақы барлық көпбалалы отбасыларға (4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар), табысына қарамастан төленедi.

АӘК табысы аз отбасыларға, соның iшiнде көпбалалы отбасыларға төленетiн болады. Ең аз күнкөрiс деңгейiнiң 70%-ын тағайындаудың шектi өлшемi қалады. Егер еңбекке қабiлеттi отбасы мүшесi ұсынылған жұмыстан және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларынан бас тартса, онда АӘК төлемi тек оған ғана емес, бүкiл отбасына да тоқтатылады.

Табысы аз отбасылардан шыққан балалар үшiн кепiлдендiрiлген әлеуметтiк пакеттi енгiзу ұсынылады. 1 жастан 6 жасқа дейiнгi балаларды азық — түлiк жиынтығымен және гигиеналық құралдармен, 6 жастан 18 жасқа дейiнгi балаларды мектептерде ыстық тамақпен, оқу құралдарымен және мектеп киiмiмен қамтамасыз етедi, сондай-ақ оларға мектепке дейiнгi жол жүру шығындары өтелетiн болады. Медициналық, оның iшiнде стоматологиялық көмек 18 жасқа дейiнгi балаларға тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi және мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру шеңберiнде көрсетiлетiн болады.

Мақаланың шыққан күні: 14.10.2019
Қаралым саны: 93